СӘТБАЕВ МҰРАЖАЙЫНДА

СӘТБАЕВ МҰРАЖАЙЫНДА

СӘТБАЕВ МҰРАЖАЙЫНДА
ашық дереккөзі
411

12 сәуірде академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 114 жыл толады. Ол қазақ даласы мен қазақ ғылымын жүз жылға ілгері серпілтіп, геологиялық барлау нәтижесінде Жезқазғандағы дүние жүзі бойынша ең ірі мыс кеніштерін ашты.

Академик мұрасы бүгінде түрлі мұражайларға қойылған. Кейіннен Ғылым ордасында академик Қ.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы ашылған соң бірқатар заттар осы мұражайға жинақталды. Әсіресе Қарсақбай, Жезқазған кеніштеріндегі жұмыс орындарынан оның кітаптары мен құралдарын арнайы алдырыпты. Ал 2011 жылы Ғылым ордасындағы академик Сәтбаевтың кабинетіне жөндеу жүргізіліп, мұражай ретінде ашылды. Осы мұражайдың директоры Бақытжамал Айтмұхамбетова: «Ғылым ордасының негізін қалап, іргетасын қойған Қаныш Имантайұлы екені баршаға мәлім. Бірақ ғылым ордасының кейінгі директорлары да Сәтбаевтың кабинетінде отырды. Мемориалдық мұражай 1989 жылы құрылса да, кабинетті мұражайға бермеді. Тек 2011 жылы ғана кабинетті бұрынғы қалпына келтіріп, қабылдау бөлмесі мен кітапханаларын сақтап қалдық», – дейді. Тіпті жазу үстеліндегі портфелі мен сия қаламы да қаз қалпында. Академиктің қыздарының осы мұражайдың қалыптасуына көп көмегі тиді дейді мұражай директоры. «Олар да әкесі сияқты өте қарапайым еді. 12 сәуірде мұражайда кездесу ұйымдастырамыз. Академиктің немерелері келеді», – деді.

«Мен бұл өлкенің болашағы зор екенін көріп тұрмын. Қарағанды маңынан елге жүздеген болат беретін алып металлургия комбинаты бой көтеруіне көп уақыт қалған жоқ. Бұл комбинатқа қажет шикізат аса жеткілікті». Қаныш Имантайұлы. 1940 жыл.

А.БЕЙІМБЕТ

Серіктес жаңалықтары