“ТIЛIМ БАРДА АЙТЫЛАР СӨЗ ОЙДАҒЫ”

“ТIЛIМ БАРДА АЙТЫЛАР СӨЗ ОЙДАҒЫ”

“ТIЛIМ БАРДА АЙТЫЛАР СӨЗ ОЙДАҒЫ”
ашық дереккөзі
299

1997 жылдың 11 шiлдесiнде “Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы “Заң қабылданды. Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы №31 мектепте үстiмiздегi жылдың 2-27 қыркүйегi аралығында өткiзiлген “Тiлiм барда айтылар сөз ойдағы” Тiл туралы заңның қабылданғанына – 20 жыл” атты 1 айлық шара елiмiздегi тiлдерге қатысты қабылданған заңның жиырма жылдық мерейтойына арналған болатын. Өткен жұмада Тұздыбастаудағы бiлiм ошағына ат басын бұрған бiз айлықты қорытындылаған мектептегi ұстаздар қауымы мен оқушылардың салтанатты кешiне қатыстық.

№31 мектеп – Тұздыбастаудағы қазақ, орыс және ұйғыр тiлдерiнде тәлiм беретiн бiлiм шаңырағы. Iргетасы 1931 жылы қаланған мектеп ғимаратына қосымша 1935 жылы екiншi нысан қолдануға берiлсе, бiлiм ордасының әкiмшiлiгi орналасқан жаңа ғимараты 1982 жылы салыныпты. Мектеп басшысы Ақжiгiтова Дина Қадырқызының айтуынша, жоғары бiлiмдi 150 ұстаз еңбек ететiн бiлiм ошағындағы оқушылар саны былтыр 1957 болса, бұл көрсеткiш биыл, яғни, 2008-2009 оқу жылында 2 мыңға жеткен. Сонымен қатар мектеп жанынан 2006 жылдан бастап 4-5 жас аралығындағы бүлдiршiндер үшiн арнайы балабақша ашылыпты. Мұнда тәрбиеленiп жатқан қарадомалақ 5 жасқа толғанда, 1-сыныпқа дайындайтын топқа ауыстырылады екен. Бүгiнде бақшадағы балалардың саны – 25. Көңiл қуантарлығы, орыс және ұйғыр тiлiнде бiлiм алатын балалардың мемлекеттiк тiл – қазақ тiлiн меңгеруге құлшынысы оқу бағдарламасымен шектелмейдi. Осының нәтижесiнде, сабақтан тыс мезгiлде қазақ тiлiн үйрететiн үйiрмелер ұйымдастырылыпты. Соңғы екi жылдан берi балаларын қазақ сыныптарына қабылдауға өтiнiш бiлдiретiн түрiк пен ұйғыр ұлты өкiлдерiнiң саны артып келедi. Мектептегi балабақшада қазақша тәрбиеленiп жатқан өзге ұлт өкiлдерiнiң балалары да баршылық. Өзi басшылық ететiн бiлiм ошағында мемлекеттiк тiлдiң кеңiнен насихатталуына ерекше көңiл бөлiнетiндiгiн айтқан Дина Қадырқызы жыл сайын 31 тамыз күнi ұйымдастырылатын жаңа оқу жылына арналған педагогикалық кеңестiң күн тәртiбiнде ең алдымен “Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы” Заңның орындалуы тұратынын айтады. Биыл 1 қыркүйек – бiлiм күнiнен басталған 1 айлық шара Ана тiлдiң құрметiне арналғаны сол себептi. Сондай-ақ, орыс және ұйғыр сыныптарының балалары мемлекеттiк тiлде қазақтың ақын-жазушыларының шығармашылығынан арнайы концерт дайындап, тәрбие сағаттарында тұсау кесу, бесiкке салу сияқты қазақтың басқа да салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпына қатысты рәсiмдердi насихаттаған.

№31 мектептiң табалдырығын алғаш рет 1976 жылы аттаған Дина Ақжiгiтова осы оқу ордасында 25 жыл физика пәнiнiң мұғалiмi, 5 жыл оқу iсiнiң меңгерушiсi қызметiн атқарыпты. Ұзақ жылдар бойы тер төккен сүйiктi мектебiнде басшылыққа тағайындалғалы 3 жылдың жүзi болған. ҚР Бiлiм беру iсiнiң үздiгi, жоғары санаттағы физика пәнiнiң мұғалiмi Дина Қадырқызының баулыған шәкiрттерi аудандық, облыстық, республикалық бiлiм сайыстарында талай рет бас жүлденi жеңiп алып, жоғары оқу орындарын үздiк бiтiруде. Шәкiрттерiнiң жетiстiгiмен мақтанған ұстаз қазiргi оқушыларының арасында ақындардың көптiгiн тiлге тиек еттi. Мысалы, 2008 ж. 22 қыркүйегiнде Талғар аудандық Мәдениет сарайында мемлекеттiк тiлдiң құрметiне орай өткiзiлген мүшайрада 11-сынып оқушысы Қуатбекұлы Ерғанат Оралхан Бөкей атындағы бас жүлденi жеңiп алса, 10-сынып оқушысы Октябров Арман М.Мақатаевтың туған күнiне орай ұйымдастырылған жас ақындардың жыр додасында бас жүлденi қанжығаға байлаған. Бүгiнде екi ақын мектеп жанынан ашылған Жас ақындар клубында поэзия әлемiнiң көгiнде самғауға ұмтылған шәкiрттерiн баулып жүр. Мектептегi Қазақ тiлi бiрлестiгiнiң жетекшiсi Шалдарбай Мұсылманбеков қазiргi таңда мемлекеттiк тiлдiң қыр-сырын меңгеруге және өлең жазуға құлшынатын балалардың өсiп келе жатқанын айтады. “Өлең – сөздiң патшасы” екендiгiн ескерсек, туған тiлдi қадiрлеп, қастерлей бiлетiн ұрпақтың қалыптасып келе жатқаны көңiл сүйсiнтедi. Дина Қадырқызы республикалық балалар басылымы – “Мөлдiр бұлақ” журналына да жоғарғы және төменгi сынып балаларының белсендi түрде атсалысатынын мақтанышпен айтып өттi.

Мектеп оқушыларының өнерге қаражаяу еместiгiн жұма күнгi қорытынды концертте байқадық: бiрi қазақтың қара домбырасына қосыла әндi әуелетсе, ендi бiрi биден шашу шашты. Әсiресе, Сибашев Мәулен, Ғалиев Махамбет, Базарқұлова Ақерке, Сейдiәлiмова Ақерке, Оразбек Адай, Оразова Айдана мен басқа да балалардың жас Абайдың өмiрiнен үзiндi ретiнде келтiрген екi көрiнiстi сахналық қойылым әсерлi шықты. Ал жас ақындар мектепiшiлiк жарыста жыр додасына қосқан дүлдүл – өлеңдерiн оқыды.

Салтанатты кештiң соңында айлық шеңберiнде ұйымдастырылған “ХХI ғасыр көшбасшысы”, “Мың бiр мақал, жүз бiр жұмбақ”, “Мен де жаза аламын”, “Ойлан, тап, iзден” (викториналық сұрақтар), “Сөз тапқанға қолқа жоқ” (тапқырлар сайысы) т.б. шараларға атсалысқан және жеңiмпаз атанған Қуатбекұлы Ерқанат, Октябров Арман, Яқияева Айнұр, Шәйiмова Ақерке, Жылқышова Гүлнұр, Сәлiм Орынбек, Мәлiк Нұрбақыт сияқты басқа да оқушыларға мектеп директорының оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Қабылжанова Раушан Әбдiғалымқызы марапаттау қағаздарын табыстады. Мұндай марапаттан тәлiмi мен тағлымы мол шараны дайындауда ерекше белсендiлiк танытқан Байғозиева Нұргүл, Төлендиева Бибiгүл, Иманқұлова Ғалия, Ауанбаева Назгүл сынды ұстаздар қауымы да шет қалмады.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары