ҚЫРҒЫЗСТАНДА ЗIЛЗАЛА

ҚЫРҒЫЗСТАНДА ЗIЛЗАЛА

ҚЫРҒЫЗСТАНДА ЗIЛЗАЛА
ашық дереккөзі
446

Айтып келмейтiн апаттың бiрi — зiлзала. Күнi кеше көршi қырғыз елi қара жамылды. 5-қазан күнi Қырғызстанның Ош облысы, Алай аумағында жер сiлкiндi.

Ел ұйқыға кеткен кешкi сағат 10 шамасында басталған 8 баллдық зiлзаладан 75 адам қаза тауып, 110 адам ауруханаға жеткiзiлген. Жараланған 13 адам Алай аумақтық ауруханасында жатыр. Апат таулы аймақта болғандықтан, ол жерге жедел жәрдемдiң жеткiзiлуi де қиын болыпты. Тiкұшақтар мен немесе арнайы келген адамдар болмаса, онда жеңiл көлiктердiң жетуi мүмкiн емес. Қазiр 4200 метр биiктiктегi тау басында орналасқан Нұра ауылындағы үйлердiң көбi қирап, үйiндi астында қалып отыр. Зардап шеккен басқа ауылдардағы қираған үйлердi қалпына келтiру жұмыстары жүрiп жатқанымен, зардап шеккендердiң нақты саны әлi мәлiм бола қойған жоқ.

Кейбiр ақпарат көздерiне қарағанда, қазiр iздестiру жұмыстары жүргiзiлуде. Тұрғындардың көбi есiн әлi жинай қоймаған. Үй астында қалып қойып, үйiндiнiң астынан 1,5 сағаттан кейiн шыққандары да бар. Тiптi, бiр отбасының иесi төрт баласының екеуiн әзер аман алып қалыпты.

Ал, Қырғыз Республикасы төтенше жағдайлар министрлiгiнiң соңғы мәлiметтерiне қарағанда, қаза болғандардың арасында мектеп жасындағы балалар да бар көрiнедi. Тiптi, мектеп жасына жетпеген кiшкентай 41 бала көз жұмыпты.

Қырғыздың төтенше жағдайлар министрi Қамшыбек Тәшиев барлық құтқарушы топтардың жұмыс iстеп жатқандығын, зiлзала болған аймақта арнайы шатырлы қалашықтар құрылғанын, онда табиғат апатынан аман қалған ауыл тұрғындары, әйелдер мен балалардың орналасатындығын айтады.

Ал, 7-қазан қырғыз елiнде “қаралы күн” деп жарияланды. Қырғыз Республикасы президентi Құрманбек Бәкиевке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президентi Медведев көңiл айтты. Зiлзала қасiретiне ұшыраған аудан тұрғындарына Ресей федерациясы кеше гуманитарлық жүк тиелген ұшақ жiберiптi. Өз кезегiнде Қазақстанда достық көмектен аянып қалған жоқ.

Талай адамның тағдырын қиған зiлзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету үшiн арнайы есеп-шот ашылды. Бұл iске Қырғызстан президентi мен премьер-министрi резервтiк қордан 1 миллион долларға жуық қаражат бөлiнiптi. Халықаралық ұйымдар да өздерiнiң қолұшын берiп жатыр. Зiлзаладан келген зардаптың анық-қанығын анықтау әлi де жалғасуда.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары