“БАЛДЫРҒАНҒА” – 50 ЖЫЛ

“БАЛДЫРҒАНҒА” – 50 ЖЫЛ

“БАЛДЫРҒАНҒА” – 50 ЖЫЛ
ашық дереккөзі
232

2008 жылғы 1 тамызда қазақ балаларының сүйiктi журналы “Балдырғанның” жарық көргенiне 50 жыл толды. Отандық мерзiмдi басылымдар iшiнде айрықша орын алатын журнал жарты ғасыр бойы жас ұрпақты әдебиет пен өнердiң таңғажайып әлемiне жетелеп, Отанымыздың тарихы мен географиясын таныстырудан, ана тiлiн толық меңгерiп сөздiк қорын молайтудан, интеллектуалды дамуына ықпал етуден жалыққан емес.

1958 жылдан берi шығып келе жатқан басылым мерейтойына орай журналда жарияланған өлең, әңгiмелер iрiктелiп, поэзия және проза жанры бойынша 2 том кiтап шыққаны да белгiлi.

Осы айтулы датаны ескерiп, Алматыдағы Жазушылар одағының Әдебиетшiлер үйiнде 16 қазан күнi, сағат 16.00-де “Балдырғанның” 50 жылдығына байланысты салтанатты кеш өтедi. Кеш соңынан концерттiк бағдарлама көрсетiледi.

Қосымша мәлiметтердi 242-29-29, 269-96-90 телефондары арқылы ала аласыздар.

Серіктес жаңалықтары