КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБIРЕГЕНI...

КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБIРЕГЕНI...

КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБIРЕГЕНI...
ашық дереккөзі
351

Астана қаласының Iшкi саясат басқармасымен бiрлесiп “Мәссаған” ұлттық веб порталы демеушiлерiнiң “Жiгер” одағы Республика күнi қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Тудың авторы, Қазақстанға еңбегi сiңген өнер қайраткерi Ниязбеков Шәкен Оңласынұлының қатысуымен “Мемлекеттiк рәмiздер – бiздiң мақтанышымыз” атты жастардың патриоттық кездесуiн өткiздi.

Мәңгiлiктердiң символы – көк аспанның түсiмен ерекшеленген туымыздың өзгелерден ерек таңғажайып көрiкке ие екенi әркiмге аян. Халықаралық форумдарда, әлемдiк аренада, олимпиада төрiнде көк туымыз желбiрегенде қанымызда қан ойнап, ұлттық намысымыз қозып, көңiлiмiзде мақтаныш сезiмi оянушы едi.

Бiр туға еркiндiк пен ерлiк, азаттық пен адалдық ұғымын сыйдыра бiлген, өзi де, сөзi де қарапайым тарихи тұлғамен сыр-сұхбат емен-жарқын әрi қызықты өттi.

Шәкен Ниязбеков – 1992 жылғы қаңтардың 1-iнде Мемлекеттiк Тудың дизайнын жасау жөнiндегi конкурсқа қатысқан 600 адамның бiрi болды. Ақырында ұсынылған 1200 жобаның iшiнен қазақ халқының дүниетанымына, жаратылыс болмысына тән белгiлерi бар, дүниежүзiндегi ешбiр елдiң туына ұқсамайтын ерекше түс пен формасы бар ту таңдап алынды.

– Мемлекеттiк Туда үш-ақ мәселе көрiнiс тапты. Бiрiншiсi, оның – түсi, екiншiсi – ортадағы күн мен қыран. үшiншiсi – қошқар мүйiз ою. Көк түс – көк аспанның түсi. Байырғы ата-бабаларымыз тәңiр мен көк аспанды бiр ұғым аясына сыйдырған. Өздерiн көктiң ұлымыз, тәңiрдiң тумаларымыз деп түсiндi. Сондай-ақ, көк түс – адалдықтың, тазалықтың, бейбiтшiлiктiң белгiсi. Қыран құсты салған себебiм, венециялық саяхатшы Марко Поло өзiнiң “Әлемдегi қилы оқиғалар” атты кiтабында “далалықтардың әр үйiнде бiр-бiрден бүркiт бар” деп жазған. Бұл құс – ерлiк пен азаттықтың символы. Оны қолына қондырып бағындыра алатын әлемде жалғыз халық бар, ол – қазақ халқы. Ал күн – бойға қуат беретiн тiршiлiк көзi, – дедi өз әңгiмесiнде Ш.Ниязбеков.

Серіктес жаңалықтары