ЮНЕСКО: 2008 жыл Махмұт Қашқари жылы

ЮНЕСКО: 2008 жыл Махмұт Қашқари жылы

ЮНЕСКО: 2008 жыл Махмұт Қашқари жылы
ашық дереккөзі
354

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘҢГIМЕ МҮШӘЙРАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БӘЙГЕСI МӘРЕГЕ ЖЕТТI

Алғашқы түрiк сөздiгiн жазған Махмұт Қашқаридың 1000-жыл-дық мерей тойына арналған, түркi тiлдес халықтары арасында, Евразия Жазушылар одағының басшылығында, түркi тiлдес халықтарының әдебиет жұрналдары конференциясының қарарына сәйкес өткен халықаралық әңгiме мүшәйрасының қазақстандық бәйгесi мәреге жеттi.

Мүшәйра, “ЮНЕСКО 2008 жыл Махмұт Қашқари жылы” бағдарламасы шеңберiнде түркi тiлдес халықтары арасында бiрдей уақытта өткерiлдi.

Мүшәйра Әзiрбайжан, Балқан елдерi (Батыс Тракия түрiктерi, Бұлғария, Косова, Македония, Румыния), Башқұрстан, Гәгәузия, Ирак, Иран, Қазақстан, Қырым, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Түркия, Түрiкменстан, Чувашстан, Ұйғыр, Хақас, Саха, Алтай, Тыва, Солтүстiк Қыбыр Түрiк Республикасы сияқты 24 түркi тiлдес халықтары арасында өттi.

Қазақстандық жүйрiктерге жүлде тапсыру үшiн Евразия Жазушылар одағының төрағасы Яқұп Делиөмiрұлы Алматы қаласына арнайы ат басын тiредi.

19 қараша Алматы қаласында өткен “Бақша сарайдағы” Махмұт Қашқари атындағы халықаралық конференцияда жүлдегерлерге сыйлықтар табыс етiлдi. Сыйлық тапсыруға түркия елiнiң Мәдениет министрлiгiнiң өкiлдерi де қатысты.

Сөйтiп қазақстандық бәйгенiң бiрiншi жүлдесi – Өмiржан Әбдiхалықұлына, екiншi жүлде – Айгүл Кемелбаеваға, үшiншi жүлде – Мақсат Мәлiковқа, ынталандыру сыйлығы Ұларбек Дәлейге бұйырды.

Жүлделi туындылар халықаралық қазылар алқасының жаңа бағалауымен “ЮНЕСКО 2008 жыл Махмұт Қашқари жылы”,”Халықаралық әңгiме мүшәйрасына” қатысып, 24 түркi тiлдес халықтары арасында жеңiмпаздар жарияланады.

Бұл реткi жүлденiң ең негiзгi бiр ерекшелiгi түркi ұлттары арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған мүшәйраның Қазақстандағы беташары болуында. Түбi бiр түркi ұлттарының рухани тұтастығы әдебиетiмiзге де жылылық әкеле бастады деп ойлаймыз.

Түркiстан-ақпарат

Серіктес жаңалықтары