ҚОС МҰНАРАНЫҢ «ҚҰПИЯСЫ»...

ҚОС МҰНАРАНЫҢ «ҚҰПИЯСЫ»...

ҚОС МҰНАРАНЫҢ «ҚҰПИЯСЫ»...
ашық дереккөзі
375

…Осыдан 7 жыл бұрын — 2001 жылдың 11 қыркүйегiнде алпауыт АҚШ-тың ең үлкен қалалаларының бiрi — Нью-Йоркте орналасқан Бүкiләлемдiк сауда орталығы — қос биiк мұнара-үй өз-өзiнен опырылып түстi. Дәл осы сәттi күтiп тұрғандай американдық және Батыстық баспасөз жаппай даурығып шыға келдi. Арабтар, қала бердi ислам әлемiне қарсы бағытталған жалақорлық науқан өз күшiне мiндi.

Оған солтүстiктегi көршiмiз бен өзiмiздегi батысшыл пиғылдағы бұқаралық ақпарат құралдары да қосылып, “ислам лаңкестiгi” жайлы ақиқатқа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, дүниежүзi мұсылмандарының дiни сезiмiн қорлап, адами құқықтарын аяққа басқан өсек-аяңды бұрқыратты. Сол кезде де, қазiр де оларға: “Ау, шырақтарым, бұлтартпас дәлелдерiң қайда?” деп айтар жан табылған жоқ. Табылса да, олардың қарсы уәждерiне алдын ала жоспарланып, бiр орталықтан басқарылған бүкiләлемдiк зымиян күштер құлақ аспады және шындықты күнi бүгiнге дейiн мойындамай отыр…

ЖҰРТТЫҢ БӘРI АШЫҚАУЫЗ ЕМЕС

Немiстер мен француздар, әсiресе оқ-дәрi мен жарылғыш заттарға тiкелей қатысы бар мамандар, 11 қыркүйекте алып үйлердi ұшақтардың “түйiп құлатқанына” күмән келтiре бастаған-ды. Алайда ресми Париж бен Берлин АҚШ-ты “ренжiтiп алмау” үшiн ондайлардың үнiн шығармауға тырысты. Бiрақ АҚШ-тың соны желеу етiп, Ауғанстанға қарсы соғыс ашуы, мән-мағынасыз үлкен қырғынды бастап жiберуi әдiлдiктi жақтайтын сан мыңдаған жандардың, оның iшiнде американдықтар да бар” аузын жаба алмады. Сонан берi жылдар өткен сайын 11 қыркүйектегi “лаңкестiкке” күмәнданушылардың саны көбейiп келедi…

Әсiресе, бұл орайда әңгiмемiзге арқау етiп отырған ресейлiк “Молодая гвардия” басылымындағы сонау 2003 жылғы пайымдаулар өзiне ерiксiз көңiл аудартады. Олар өз күдiктерiн сол қыркүйектегi күмәндi жағдаяттардан кейiн айта бастаған: “Немiс барлау қызметiнiң үш бағытына бiрдей, 1969 жылдан 1994 жылға дейiн басшылық еткен фон Бюлофтың пiкiрi бойынша, 11 қыркүйектегi шабуылдарды американдық қоғамдық пiкiрдi арабтарға қарсы қою үшiн Израильдың арнаулы қызметi “Моссад” жүзеге асырған. Өзiнiң сараптамалық пiкiрiн фон Бюлов төмендегi жағдаяттармен бекiтедi. Шабуылдарға байланысты АҚШ-та көптеген жас израильдықтар тұтқынға алынған, бiрнеше Израиль компаниялары оның болатынын алдын ала бiлген. Себебi үлесiнiң көп бөлiгi Израиль мемлекетiнiң меншiгiне жататын “ZIM” израильдық көлiк компаниясы қыркүйек айының басында Лэрри Сильверстейнге тиесiлi жалдағаны үшiн төлейтiн 50000 долларды жоғалта отырып, кенеттен солтүстiк мұнарадағы кеңселерiн көшiрiп әкеткен” “Молодая гвардия” журналы, 2003 жыл, №3-4, 159 бет, Кристофер Боллин (АҚШ) “Мұнараларды кiм және не үшiн жарды?”. Жас израильдықтар не үшiн тұтқындалды және аталған компания кеңселерiн алдын ала неге көшiрген? деген заңды сұрақтар туады. Демек, мұның түбiнде бiр шикiлiк бар…

“Молодая гвардия” 2005 жылы бұл тақырыпқа қайта оралды. Осы жылғы журналдың №10 санында Н.Кузьминнiң “Қайта құрудың қара қызғалдақтары” атты мақаласы жарық көрген. Онда былай делiнедi: “Мейлiнше күрделi қос үдерiмнiң өзара ұштаспауындағы бiрiншi “қиғаш кетушiлiк” мынадан көрiнгендi: 11 қыркүйек күнi американдық екi мұнара ұшақтар соғылған сәтте-ақ опырылып түсуi тиiс болатын, алайда олардың күйреуi тым ұзаққа созылды (әсiресе, екiншiсi 104 минутқа, яғни екi сағатқа жуық уақыт бойы құламай, “тұрып алды”). Сыртқы соққылар мен iшкi жарылыс бiр-бiрiмен сәйкес келмей қалды. Мұндай жағдайға көңiл аудармау мүмкiн емес. “Қызығы сол, мұнараның үйiндiлерi үш ай бойы жанып жатты (отты тек 19 желтоқсан күнi ғана сөндiруге мүмкiндiк болды). Жану кезiндегi жалынның қызуы үш мың градусқа (жанартаудан да жоғары) жеттi. Апат болған жерде қаза тапқандардың сүйегi неге болған жоқ? Олар сонда… буланып кеткен бе?! Қауiпсiздiк қызметi (АҚШ-та ондайлардың саны бiреу не екеу емес, 26-ға жетiп отыр) неге аспанға бiрде-бiр қағып түсiрушi-ұшақты көтермеген?”. Шынында да осы сұрақтарға әлi күнге дейiн АҚШ-тың ресми орындары жауап бермей, үнсiздiк танытып келедi.

Американдық насихат сол жылдары ұшқыш арабтардың ұшақтарды қару қолданып басып алып, қалай қос мұнараны және Пентагонды “жарғаны” туралы майын тамызып тұрып әңгiмеледi. Оған жер бетiндегi миллиондаған ашықауыздар мен қарапайым адамдар сенiп те қалды. Ал iс жүзiнде ше?! “Ұшу мектептерiнiң (яғни, АҚШ-та әлгi арабтар оқыған) бiрiнiң оқытушысының жасаған мәлiмдемесi тыңдаушының есiн тандырғандай болып естiлдi: иә, арабтар оқығаны рас, бiрақ олар тек қарапайым чех авиеткаларын меңгеруге ғана үйретiлген. Басып алынған “Боингтердiң” ұшу бағытын меңгерiп, тiптi керек десеңiз, БСО-ның мұнараларына апарып соқтыру үшiн дайындықтың мүлдем өзге деңгейiне үйретiлген ұшқыш болуы тиiс. Арабтардың олай iстеуi мүмкiн емес, өйткенi дайындық деңгейi мүлдем бөлек!”

130-дың МӘЛIМДЕМЕСI

Арандату мақсатында жасалған “лаңкестiктен” кейiн алты жыл өткен соң АҚШ-тың 130 инженерi мен сәулетшiсi 11 қыркүйекте Американың “өзiн-өзi жарғаны” туралы тосын мәлiмдеме жасады. Талайды таңдандырған петицияның басты ұйымдастырушысы, американдық сәулетшiлер институтының мүшесi Ричард Гэйдж былай деп түсiнiк берген: “Бiз күнi бүгiнге дейiн, “Мұнаралар ұшақтардың соғылуы салдарынан қирап түстi” деген аңызға сенiп келгенбiз. Көптеген суреттер және бейне айғақтарға сүйене отырып, анықтағанымыз — бұл мұнаралардың алдын ала қойылған жарылғыштардың көмегiмен қиратылған. Бүкiләлемдiк сауда орталығындағы бақылау мен қауiпсiздiк жүйесiнiң қаншалықты күрделi де мықты екенi бiлгендiктен, оған сырттан әлдебiреулердiң лаңкестiк мақсатпен енуi туралы шүбәланудiң өзi ақылға сыймайды. Сондықтан бiз мынадай жан түршiгерлiк түйiнге келiп отырмыз: лаңкестiк әрекеттi АҚШ-тың билеушi топтарының өзi ұйымдастырған…”

НЕГЕ?

АҚШ пен Израильдың мұндай әрекетке баруы нелiктен? Бiрiншiден, мұсылман әлемiне деген жылдар бойғы өшпендiлiк, екiншiден, мұнай мен газге аса бай Таяу Шығысты “ашса-алақанында, жұмса-жұдырығында” ұстау. Тiптi, екiншi себеп бiрiншiден де басым болуы мүмкiн. Үшiншiден, Батыс әлемiне көзге шыққан сүйелдей болып отырған Иранды жан-жақты қамалау мақсаты да бар. 11 қыркүектегi жарылыстарды пайдаланып, АҚШ пен Батыс алаңсыз жатқан Ауғанстанға соғыс ашты. Алайда “Талибан” қозғалысын,Осама бен Ладендi, “Әл-Каида” ұйымын жойып жiберуге мүмкiндiктер жетпедi. Ирак жөнiнде де соны айтқан жөн. АҚШ-та, Батыс та мұсылман елдерiне телегей теңiз төгiлген қан және қайғы-қасiрет әкелгенiмен, ендi өздерi қазған ордан өздерi шыға алмай әлек. Ирак пен Ауғанстан АҚШ үшiн екiншi Вьетнамның орнын басты. Билiктен көп ұзамай кететiн. Д.Буш соңына осындай “мұра” қалдырып барады…

P.S. Биылғы жылдың 12 қыркүйек күнi кеште “ОРТ” телеарнасынан осы оқиғаға арналған, үш сағаттай уақытқа созылған деректi хабары болды. Онда еуропалық сарапшылар да, американдық әскери мамандар да, сол елдiң кәсiпқой ұшқыштары да бiрiнен соң бiрi сөйлеп, 2001 жылғы 11 қолдан жасалған қасақана арандатуға мұсылмандардың да, соның iшiнде арабтардың да қатысы жоқтығы түрлi дәйектер мен айғақтар келтiрiп, дәлелдеп шықты.

Иран Президентi Махмуд Ахмадинежад 2001 жылы Нью-Йоркте болған оқиғаға күмәнi барын мәлiмдедi. “11 қыркүйектегi “күмәндi оқиға” — Ирак пен Ауғанстанға қарсы ұйымдастырылған әрекет. Осының кесiрiнен онда миллиондаған тұрғын қырылып кеттi” дейдi Иран Президентi. Ал қос мұнараны “лаңкестер” құлатқанына күмән келтiрiушiлер жыл өткен сайын көбейiп келедi. Өйткенi, бұл қанды оқиғаны бiр жақты бағалау өте қиын.

Серiк Ықсанғали,

Орал қаласы

Серіктес жаңалықтары