НЕГЕ БIЗ ЕШТЕҢЕГЕ СЕЛТ ЕТПЕЙМIЗ?

НЕГЕ БIЗ ЕШТЕҢЕГЕ СЕЛТ ЕТПЕЙМIЗ?

НЕГЕ БIЗ ЕШТЕҢЕГЕ СЕЛТ ЕТПЕЙМIЗ?
ашық дереккөзі
247

Менiң балалық шағымда орыс жазушысы Шукшин “модада” едi. Осы жазушыны, замандастарының естелiгiне қарағанда сол кездерi “бiз не болып бара жатырмыз” деген ой қатты мазаласа керек.

Дәл сол тұста Алматы, Қарағанды, басқа да негiзгi қалаларда қазақ мектептерi жабылып, ана тiлiмiзден айрылып қала жаздағанда, ауылдан қалаға “жасырын” келiп, тығылып жүрiп тiлдiң өзектiлiгiн сақтап қалған болашақ ұлт зиялылары қолдарынан келгенше қазақ рухын сақтап қалуға тырысып бақты…

Жақында Мәскеуде скинхедтердiң қолынан өрiмдей жас қазақтың баласы қаза болды. Бiрақ бiрде-бiр қазақ қоғам қайраткерi, Мәскеуде тұрып жатқан бiрде-бiр орыс азаматы аузын ашқан жоқ.

Кiп-кiшкентай, өзi қай жағынан болса Ресейге кiрiптар Армения Петерборда бiр азаматы қаза болғанда, “бұлқанда-талқан” болып, ресеймен стратегиялық әрiптестiктi үземiз деп” толқып едi, ал мына жағдайда бiздiң билiк тексерудi дұрыс жүргiзу туралы “өтiнiшiне” тұщымды жауапты талап етiп, неге табандылық танытпайды екен?!

Әлде, өктем үн шығарсақ стратегиялық әрiптестiкке сызат түсiрiп аламыз ба дей ме? Аса сақтық жасаудан жалыққан жоқпыз ба осы!

Жақында Ресей президентi Д. Медведев дүниежүзiнiң қай жерiнде болсын ресейлiктердi қорғау жөнiнде доктрина ұсынды. Бұл доктрина бойынша Ресейдiң азаматтарының жер шарының қай нүктесiнде болсын құқықтарына залал келетiн болса, Ресей барлық құралдармен жауап бередi. “Барлық құрал” деген терминнiң арғы жағын түсiнiп отырған боларсыз.

Соңғы кезде Қазақстан Ресей қарым-қатынастары бiр бағыттағы жол қатынасына ұқсап баратындай көрiнедi. Олай дейтiнiмiз:

1. ТМД елдерiне гуманитарлық экспансия құралы iспеттi “Орыс әлемi” қорын құрып жатыр, ол Қазақстанға да келiп жеттi. Оны бiздiң өкiмет қарсылықсыз қарсы алып отыр.

2. “Таздан тарақ кеткелi қашан” демекшi Ресейдiң қазақтар тығыз орналасқан Омбы, Челябi, Астрахань өңiрлерiнде қазақтiлдi мектептерiнiң жабылғаны қашан.

3. Ұлы Отан соғысы кезiнде Мәскеудi қорғап қалған Алматыда жасақталған Панфилов дивизиясын орыс тарихшылары Сiбiр дивизияларымен “айырбастап” жiберiптi.

Осының барлығы Ресей бұрынғы империялық саясатын қайта жандандыруға ұмтылып отырғанын көрсетедi.

Осы тұрғыда Қазақстан идеологтары ел мүдделерiн қорғаудың қандай тетiктерiн жасап жатыр деген сұрақ туады. Менiң ойымша бұл мәселе әлi күн тәртiбiне де қойылмаған.

Тағы да барлығын Елбасына жүктеп қойып “қол қусырып отырудың” үлгiсi болуы ықтимал…

Менiң балалық шағыма сәйкес келген 80 жылдары ауылдан “шақырылған” азаматтар Қазақстанның бодан кезiнiң өзiнде қазақтың өзектi мәселелерiн көтерiп, рухын сақтап қалған едi.

Бүгiнгi тәуелсiздiк заманында бiрде-бiр зиялы, немесе халық қалаулысы осы өзектi мәселелердi күн тәртiбiне қоя алмай отыр.

Расында бiз неге ештеңеге селт етпеймiз?

Ұлттық рухымыз неден жүнжiп кеткен осы?!.

Ерлан САЙЫРОВ, саясаттанушы

Серіктес жаңалықтары