АЛЕКСАНДР НЕВСКИЙДIҢ ЕВРАЗИЯЛЫҚ ТАҢДАУЫ

АЛЕКСАНДР НЕВСКИЙДIҢ ЕВРАЗИЯЛЫҚ ТАҢДАУЫ

АЛЕКСАНДР НЕВСКИЙДIҢ ЕВРАЗИЯЛЫҚ ТАҢДАУЫ
ашық дереккөзі
202

Өткен жаз айының соңына таман Ресейдiң ғылым академиясы және тиiмдi саясат қорымен бiрлескен “Ресей” телеарнасы жаңа жобаны қолға алды. “Ресей есiмi” деп аталған бұл байқауда тарихи тұлғалар мен қазiргi көзi тiрi адамдардың 500-i iрiктелiп, жұрт осылардың iшiнен дауыс беру арқылы Ресейдiң символына айналатын жеңiмпазды анықтауы тиiс болатын. Бұл байқаудың қорытындысы таяуда ғана жарияланды.

Онда Александр Невскийге бiрiншi орын берiлiп, кейiнгi кезекке Петр Столыпин мен Иосиф Сталиннiң есiмi iлiнген. Жалпы “Ресей есiмi” жобасы Би-би-Си дайындаған “Ұлы британдықтар” бағдарламасына ұқсайды. Бiрақ бұл байқаудың әдiл өткенiне күмәнданушылар көп болды. Себебi Ресейге үлкен еңбек сiңiрген адамдардың бiрталайының есiмi тiзiмге енбей қалған. Жобаның нәтижесiне әсiресе өздерiн евразиялықтармыз деп атап жүргендер қатты қуанды. Олар бұл таңдау өте дұрыс жасалды. Өйткенi “Ресей есiмi” атанған Александр Невский “алғашқы Евразиялық” болып табылады. Бұл символикалық мәнi бар таңдау, – деген пiкiр бiлдiрдi. Төмендегi материалда евразияшылдардың осы тақырыпқа жазған мақаласын ықшамдап бердiк. Материал әлдекiмдi дәрiптеу үшiн емес, болған оқиғаны жұртқа жеткiзу мақсатында жазылды.

Невадағы соғыстан кейiн ол Невский деп атала бастады. Бiрақ Александрдың қаһармандығы Шведтермен болған соғыстағы ерлiгiмен шектелiп қалмайды. Оны орыстың даңқты батыры әрi тарихи тұлға қылған Чуд көлiндегi серiлермен болған шайқас туралы да осылай деуге болады. Александр Невский негiзгi ерлiктi майдан даласында емес, саясатта жасады. Рим Папасы Иннокентий IV елшiлерiн қабылдағанда, Папаның адамдары оны қитұрқы әрекеттерiмен өз дегендерiне көндiруге тырысты. Бiрақ Александр Византиядан кейiн Русьтi өзiнiң “екiншi Латын империясына” айналдыруды көздеген католиктiк батыспен стратегиялық одақ құрудан бас тартып, шығысқа қарай бет бұрды. Алтын ордамен тарихи одақ жасап, Батудың ұлы Сартақпен анда болды. Дала дәстүрi бойынша, Александр Невский Батудың өкiл баласы атанды. Осылайша Русь стратегиялық әрiптес ретiнде католиктiк батысты емес, Алтын орданы таңдады. Тiптi Ресейдегi “батысшылдықты” талқандау үшiн кейде маңғол-татарлардың көмегiне жүгiнген Александр Невскийдiң дұрыс iстегенiн бүгiндерi тарихтың өзi дәлелдедi. Бiрақ, Маркстың сөзiмен айтсақ, “қаңсыраған Русьтiң арқасында апаттан аман қалған Еуропа” тәубеге келмедi. Батыс Русьтi бұдан ары да Алтын Ордадан қорғайтын қақпа ретiнде пайдаланбақ болды. Орыстар маңғол-татарлармен өз күшiмен соғысып, батыстан әскери көмек алуға үмiттенбеуi тиiс. Осыны көздеген олар, егер Русь әлсiресе батыстың жетегiне жылдам еретiнiн бiлдi.. “Еуропаға ашылған терезенi” тарс жауып, Алтын ордамен стратегиялық одақ құрған Александр Невский Русьты түбегейлi тоқыраудан құтқарып қалды. Азияға тегiннен-тегiн тарихи таңдау жасалған жоқ. Ежелден Русьтiң қалауы да осы болды. Сондықтан Петрдiң Еуропаға “айқара ашып тастаған терезесiн” барынша қымтауымыз керек. Әйтпесе iштен iрiп жатқан Батыс қоғамы бiзге пайда бермейдi. Еуразиялықтар “Ресейдiң әлемi-Еуразия” дегендi бекер айтқан жоқ. Орыстың ұлы ақыны Александр Блоктың “Иә, бiз Скифтермiз, Иә, бiз Азиялықтармыз” дейтiн тамаша сөзi бар.. Бiз өзiмiздiң “Азиялық тегiмiзге” мақтануымыз керек. Себебi християндық батысқа қарағанда Шығыс мәдениетi терең де тәлiмдiрек. Мұны Рене Генон, Юлиус Эвола мен басқа ойшыл-традиционалистер де атап өткен. Қазiргi өркениеттi Батыстың сонау Антикалық өркениетпен еш қатысы жоқ. Бұларды варварлық карөлдiктер құрған. Ал антикалық мәдениеттiң шынайы мұрагерлерi бiрiншi Византия, кейiн араб шығысы болды. Тек мыңдаған жылдар өткен соң ғана антикалық мәдени мұраны сақтап қалған арабтардың арқасында Батыс бұл мәдениетпен қайта қауышты. Егер араб шығысы болмағанда бүгiнгi батыс әлемi бiрнеше княздiктерден тұратын “қараңғы” жұрт күйiнде қалар едi. Тәңiрге тәуба, орыс халқы ақыры батыстың тәттi сөзге құрылған шәйтани либерализмiнен арыла бастады. “Ресей есiмi” телебайқауының жеңiмпазы ретiнде Александр Невский мен Петр Столыпиннiң және Иосиф Сталиннiң таңдалғанын оған айқын дәлел ретiнде келтiруге болады.

Жолымбет МӘКIШЕВ

Серіктес жаңалықтары