ЖIГЕРСIЗ ЕРКЕК, ЖYГЕНСIЗ ӘЙЕЛ... ҚАЙДАН?
ЖIГЕРСIЗ ЕРКЕК, ЖYГЕНСIЗ ӘЙЕЛ... ҚАЙДАН?
Iлгерiде басшылық қызметте iстеген бiр ағамыз өзiнiң өзбек әрiптесiмен кездеспек болыпты. Әрiптесi межелi уақыттан кешiгiп келсе керек. Әйтсе де, әңгiмелерi жарасып, қызды-қыздымен әзiлдесiп отырған көрiнедi. Бiр кезде ағамызға әрiптесi: “Осы қазақтарда шәй-пәй, нан-пан деген сөздер бар. Неге болымсыз тiркестердi қосып сөйлейсiздер? Осының мәнiн түсiндiрiп бере аласыз ба?” – дептi. Ағамыз: “Бiзде жiгiт-мiгiт деген сөз де бар. Айтқан сөзiнде тұратын азамат – жiгiт, ал сөзiнде тұрмаса, ол – мiгiт” деп, әлгi өзбектiң уағдаласқан уақытында келмегенiн меңзептi. Сонда өзiнiң айыбын түсiнген өзбек бауырымыз жым болыпты.
Мiне, бұдан бiз ұлттық мiнездi, ұлттық iрiлiктi аңғарамыз. Әрбiр қазақ ер-азаматы өзiнiң жiгiт деген атын сақтау үшiн сөздi кесiп айтып, iске батыл кiрiскен. Бұл тұрғыда тарихи деректерге көз жүгiртпей-ақ қоялық. Өйткенi, нағыз жiгiттер қазiр де бар. Бiрақ, тым-тым сирек. Көпшiлiк ер-азаматтарымыз боркемiк, ез кеуде болып бара жатқаны жасырын емес. Бұл туралы ащы айтылып та, жазылып та жүр. Кейбiр баспасөз беттерiнде ер-азаматтардың заман ағымына iлесе алмауын, мiнездерiндегi ұсақтықтарды айтып, қайта шыға алмастай етiп жерге тықпалаймыз. Ал оның себебiн iздеп көрдiк пе? Ер-жiгiттерiмiздiң ұсақталуына не себеп болды? Бiр сәт ойланып қарасақ, жiгiттерiмiздiң ұсақталуына – қазақта әйел теңдiгi мәселесiн шешу кезеңiнен басталған сыңайлы. Бүгiнде “Раушан коммунистердiң” қаптағаны соншалық, олардың қам-қаракеттерi жiгiттердiң жiгерiн жасытып, екiншi орынға ысырылуына мәжбүрлеуде. Қазақстандағы Мыңжылдық Дамудың Мақсаттары (МДМ) туралы есебiнде Қазақстандағы жыныстық айырмашылықта әйелдердiң саны ерлерден 0,5 млн. артық екен. Президентiмiздiң айтуы бойынша, бүгiнде мемлекеттiк қызметтердегi әйелдердiң саны 60 пайыздан асқан. Көрсеткiш нәтижесiнен елiмiзде әйел теңдiгi мәселесiнiң шешiлiп, олардың iскерлiк қарым-қатынасының барынша алға басуына қолайлы мүмкiндiк туғанын байқаймыз. Сонымен қатар, әйелдердiң құқығын қорғайтын арнайы бағдарламалар мен комиcсия да өз жұмысын жандандырып келедi. Мәселен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы “Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi ұлттық комиcсияның” негiзгi мақсаттары төмендегiдей екен: Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегисының, ҚР-ғы Гендерлiк теңдiктiң 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы мен Қазақстан қатысушы болып табылатын отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттардың аясында өңiрлiк ерекшелiктердi ескере отырып, отбасына, әйелдер мен ерлердiң теңдiгiне қатысты басымдықтарды айқындау, кешендi мемлекеттiк саясаты қалыптастыру және iске асыру жөнiнде ұсынымдарды тұжырымдау; мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғамдық институттарымен отбасының мүдделерiн қорғау, БҰҰ-ның Мыңжылдық декларациясын iске асыру; экономикалық салада гендерлiк теңдiкке қол жеткiзу; әйелдер арасында кәсiпкерлiктi одан әрi дамыту; еңбек нарығында әйелдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру; еңбек қызметiн үй шаруасы қызметтерiмен және бала тәрбиесiмен ұштастыру жөнiнде отбасы мүшелерiне жағдай жасау; отбасы институтын нығайту; отбасы қатынасында гендерлiк теңдiкке қол жеткiзу; ерлердiң, әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау, отбасында және жұмыс орындарында зорлық-зомбылықты түбiрiмен жою; гендерлiк теңдiктiң нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргiзу. Алайда, комисcияның атқаратын мақсаттарына бiржақтылықпен қарап жүргендiгiмiздi ескерсек, бұл жерде ер-азаматтардың құқығы кейiнге шегерiлетiндiгi сөзсiз. “Гендерлiк саясат” ұғымын әйел заты өздерiне берiлетiн шексiз мүмкiндiк деп түсiнгендiгiнiң салдарынан, аталмыш комиcсияның бағдарламаларын жүзеге асыруда түрлi қиыншылықтардың орын алары шындық. Яғни, гендерлiк саясаттың жетегiне ерген кейбiр әйел заты асқан менмендiкке бой алдыртып алады. Мысалы, әйелдердiң менмендiгiнен, тоқмейiлсу көзқарасынан отбасында ажырасу белең алып келедi. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстандағы ажырасудың салдарының себептерi – әйелдер мен ерлердiң теңсiздiгi, ерлердiң денсаулық жағдайы: жүрек, қан-тамыр аурулары, бiлiм әуелетiнiң төмендеуi, 40-45 жастан кейiнгi еңбек рыногында мүмкiндiктердiң шектеулiлiгi, ауылдан қалаға көшу жағдайлары, ертеңгi өмiрге сенiмсiздiк сияқты сипаттамалар және ерлер мен әйелдердiң жалақыларының айырмашылығы, жұмыссыздықтары, сондай-ақ, ер адамдардың темекi шегу мен iшiмдiкке салынуы. Елiмiзде ерлердiң орташа өмiр сүру ұзақтығы 60,6 жас болса, әйелдердiкi 72 жас құрайды екен.
Жоғарыдағы деректерге қарағанда, жанұя жылылығын сезбей жүрген азаматтарымыздың ертеңгi тағдырының не болатындығын байқаймыз. Олар психологиялық тұрғыдан мұқалып, iштей күйзелiске ұшырайды. Қалай десек те, iлкiден әйел затынан бiр мысқал биiк тұратын ер азаматтарымыз нәзiк жыныстылардың өздерiнен басып озуын депрессия санайды. Қазақ әйелiнiң карьера iздеп, билiкке әуестенуi ұлттық дәстүрiмiзде де, дiнiмiзде де құпталмайды. Нәзiк жыныстылардың басты мiндетi – отбасын құрып, ана болу. Ана болу – баланы туу ғана емес, оған дұрыс тәлiм-тәрбие беру. Аналарымыз аналық мiндетiн жақсылап атқарса, жасық бала, жiгерсiз жiгiттер қоғамда болмас едi. “Алып анадан туады” деп қазақ бекер айтпаған. Зередей кемеңгер әжемiз болмағанда, Құнанбайдай қайратты тұлғамыз, Ұлжандай анамыз болмағанда Абайдай данамыз туылмас едi. Жаугершiлiк заманында ерлерiмiз ел қорғап, аналарымыз үйде отырып тiлеуiн тiлеп, балаларын тәрбиелеген. “Әйел үйдiң – қазығы, еркек үйдiң – азығы” деген халық даналығын атам қазақ осындайда айтса керек. Қазығы мықты қағылған үйдiң шаңырағы шайқалмасы анық.
Пайғамбарымыздың хадистерiнде: “Әйел заты дұға етiп отырса да, күйеуi шақырғанда баруы тиiс” деп, әйелдiң ерiне құрмет көрсетуiне зор мән бередi. Мұсылмандар үшiн әйелдердiң алда болуы, ерлердi жасытып, қорлағанмен бiрдей болған. Төмендегi тәмсiлден осыны ұғынуымызға болады. Түрiк сықақшысы Әзиз Несиннiң “Әйтеннiң күйеуi” деген әңгiмесiнде Әйтен деген оның әйелi әрi сұлу, әрi белгiлi әулиеттiң қызы едi. Әйтеннiң күйеуiн көрген жұрт: “Әйтеннiң күйеуi келе жатыр” дейдi екен. Бұл атқа намыстанған күйеуi Әйтеннен ажырасып кетедi. Одан кейiн де оны көрген жұрт бәрiбiр: “Мынау Әйтеннiң бұрынғы күйеуi емес пе?!” дейтiн болыпты.
Көнеден келе жатқан тәжiрибе – әйелдiң ерiнен бiрiншi болуы отбасыға ешқашан жақсылық әкелген емес. Сондықтан, нәзiк жандылар ұлтының келешегiн ойласа, билiкке ұмтылмай, бала тәрбиесiне баса назар аударғаны жөн. Аруларымыз “Раушан коммунистiң” образын жасауды емес, мiгiт емес жiгiттi тәрбиелесе екен. Бұл әйел затының екi дүниедегi айшықты орны болар едi…
Жадыра НАРМАХАНОВА