Қараусыз қалған шахтада жарылыс болды

Қараусыз қалған шахтада жарылыс болды

Қараусыз қалған шахтада жарылыс болды
ашық дереккөзі
841

Қараусыз қалған шахтада үлкен жарылыс орын алды. Оқиға Ташкент облысының Ахангаран ауданында болған. Жарылыс болған Алмалық тау-кен комбинаты Кочбулак ауылының іргесінде орналасқан.

Шахтадағы жарылыстың пайда болуына  алтын іздеуші екі топтың арасындағы жанжалдың әсер етуі мүмкін.  Бұл туралы Ташкент облысы, Ахангаран ауданындағы құзырлы орган өкілдері мәлімдеген. Өте күшті жарылыстың әсерінен 25 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың жас шамасы – 16 мен 30 жас аралығында.

Бұрын аталмыш шахтада кен өндірілетін болған. Алайда бұл шахта қазір қараусыз қалған жерге айналыпты. Ал шахтаның іргесіндегі Кочбулак ауылының тұрғындары бұл шахтадан алтын іздейтін көрінеді. Жарылыс болған күні алтын іздеп келген осындай екі топтың арасында жанжал пайда болған. Жанжалға араласқан бір топ шахтаны ұстап тұрған бағандарға от қойып кеткен. Соның әсерінен шахтада қалған адамдардың үстіне тау жыныстары құлап, улы түтін тараған.

Серіктес жаңалықтары