Бензин бағасы әзірге қымбаттамайды

Бензин бағасы әзірге қымбаттамайды

Бензин бағасы әзірге қымбаттамайды
ашық дереккөзі
472

Елімізде таяу арада бензин мен дизельдік отын қымбаттамайтын болады. Бүгінгі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин осылай деп мәлімдеме жасады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен «100 қадам» Ұлт жоспарының аясында жер қойнауы саласындағы реформаларға арналған брифингте вице-министр еліміздегі жанармайдың бағасы көктемгі және күзгі егіс науқанына қатысты емес екенін айтты. Ұзақбай Қарабалиннің айтуынша, Қазақстандағы жанармайдың бағасы әлемдік ахуалға, әсіресе, көршілес орналасқан мемлекеттерге жағдайға қатысты өзгереді екен.

«Біз Ресейден 30 пайыз мұнай өнімдерін, яғни бензин мен дизельдік отынды

импорттаймыз. Қазіргі таңда ол тұста мұнай өнімдерінің бағасына күрт өзгерістер байқалмайды. Сондықтан да, егіс науқанының жұмыстарына байланысты бағаның көтерілуі  болмайды. Егер ондай жағдай орын алса да, ол негізінен нарықтағы бағаның өзгеруі нәтижесінде орын алуы ғана мүмкін», – деп отыр вице-министр.

Серіктес жаңалықтары