Көркемсөз: білімгерлер сынға түсті

Көркемсөз: білімгерлер сынға түсті

Көркемсөз: білімгерлер сынға түсті
ашық дереккөзі
344
Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №4 кітапхана бөлімшесінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қалалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Шара тіл мәдениетін көтеру, көпшіліктің ұлт әдебиетіне деген ықыласын арттыру, көркем әдебиетті насихаттауды көздейді. Кітапханада өткен шарада Ш.Құдайбердіұлы, Б.Момышұлы, Н.Келімбетовтің шығармашылық мұрасын насихаттап, талантты жастарды танытуға баса назар аударылды. Байқауға кітапхананың тұрақты оқырмандарына айналған жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж білімгерлері қатысты. Шара барысында әуезді ән шырқалып, түрлі поэзиялар да оқылды. Ал байқауға ақын, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұлағатты ұстазы, режиссер, сценарист, «Еңлік» театрының жетекшісі Береке Жұмақаева, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ұстазы, Мемлекеттік Қуыршақ театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Жазира Ахметова, театр және кино актері Абай Адырбай, сонымен қатар ақын, «Әдебиет әлемі» орталығының мүшесі Ұлан Ысқақ төрелік етті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2-курс студенті Нұрай Әмірқұл лайық деп танылып,  арнайы қолөнер туындысы табысталса, бірінші орын осы оқу орнының 2-курс студенті Салтанат Есентұраева мен 1-курс студенті Айжарық Мұралқанға тапсырылды. Жүлделі екінші орын  Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1-курс студенті Сәбина Мыңбаеваның еншісіне бұйырса, үшінші орынды аталмыш университеттің 1-курс білімгері Жансая Лұқпанова иемденді. Өзге де үміткерлер Алмалы аудандық «Нұр Отан» партиясының құнды сыйлықтарымен марапатталды.

Ақгүл АЙДАРБЕКОВА

Серіктес жаңалықтары