298
Никол Пашинян Армения премьер-министрі болып сайланды
Никол Пашинян Армения премьер-министрі болып сайланды
Армения парламенті оппозиция көшбасшысы, «Елк» партиясының жетекшісі Никол Пашинянды ел премьер-министрі етіп сайлады.
Армения конституциясына сай, Пашинян премьер-министр болып сайлануы үшін оны 105 депутаттың 53-і қолдауы тиіс еді. Екінші кезеңде Пашинян кандидатурасын 59 депутат қолдап, 42-сі оған қарсы дауыс берген. Енді алдағы екі апта ішінде Пашинян үкімет мүшелерінің тізімін жасап, президентке ұсынуы тиіс.
Айта кету керек, 1 мамыр күнгі дауыс беру кезінде небәрі 45 депутат Пашинянды қолдаған болатын.