Түркіменстанда ұн тағы қымбаттады

Түркіменстанда ұн тағы қымбаттады

Түркіменстанда ұн тағы қымбаттады
ашық дереккөзі
247
Қазіргі таңда Түркіменстан астанасының сауда нүктелерінен Қазақстанда шығарылған ұнның бір келісін 6,5 манаттан (шамамен 2 доллар) сатып алуға болады. Ашхабадтағы шолушы Аманмырат Бугаевтың мәліметіне қарағанда, ұн бағасы бір аптаның ішінде көтеріліп шыға келген. "10 күн бұрын Қазақстаннан әкелінген ұнда 5.5 манат деген баға жапсырылып, ол 6 манаттан сатылған. Өткен аптаның ортасында ұн бағасы 6 манат болды, бірақ 6.5 манаттан сатылды", - деп хабарлады Бугаев. Түркіменстанда бірнеше жылдан бері екі түрлі баға жүйесі жұмыс істейді. Тауарда жапсырылған бағаға тауардың өзі сатылмайды. Әдетте тауардың шын бағасын сатушы ауызша айтады. Азық-түлік бағасы мен оның сатылу барысына билік бақылау жасап отыр. "Қазіргі таңда полиция мен салық қызметі өкілдерінің назары қазақстандық ұн сататын нүктелерге ауған. Олар сатылып жатқан ұнның заңдылығын тексеріп жүреді", - деді Аманмырат Бугаев. "Альтернативные новости Туркменистана" тәуелсіз басылымының мәліметі бойынша, Мары қаласындағы мемлекеттік дүкендерде бір қолға екі бөлке нан ғана сатылады. Қантқа да шектеу енгізілген. "Сауда уақыты таңертең шектеледі, ал түстен кейін дүкеннен нан да, қант та табылмайды", - деп жазды басылым. Түркіменстан билігі елде азық-түлік дағдарысы барын мойындамай отыр. Елде ұн тапшылығы күшейген шақта, өткен жылдың соңында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде арнайы комиссия құрылған.  

Серіктес жаңалықтары