АҚШ таратқан ақпарат мұнай бағасын өсірді

АҚШ таратқан ақпарат мұнай бағасын өсірді

АҚШ таратқан ақпарат мұнай бағасын өсірді
ашық дереккөзі
332

Қара алтын бағасы күтпеген жерден көтеріле бастады. Нью-Йорк тауар биржасында WTI (батыстехастық ашық түсті) мұнайы 0,81 долларға (1,7%) қымбаттады. Қыркүйек айының фьючерстік келісімшарттары барреліне 48,79 доллар шамасында бекітілді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Сарапшылардың айтуынша, қара алтын бағасының көтерілуіне АҚШ Энергетика министрлігі ақпарат басқармасының елде шикі мұнайдың коммерциялық қоры 4,2 млн баррельге – өткен аптадағы жағдай бойынша 459,7 млн баррельге дейін азайғаны туралы мәліметі себеп болған. Бұл нарықтағылардың басым бөлігі үшін күтпеген ақпарат болды. Халықаралық сарапшылардың тағы бір тобы жарияланған мәліметтер ұсыныс пен сұраныс арасындағы алшақтық біртіндеп қысқарып келе жатқанынан хабар беретінін алға тартуда. АҚШ-та мұнай өндірудің күніне 145 мың баррельге төмендеу көрсеткіші де бұл юолжамның дұрыс екеніне дәлел бола алады.

Серіктес жаңалықтары