Қазақстан мұнай өнімдерін тек ЕАЭО елдеріне экспорттайтын болды

Қазақстан мұнай өнімдерін тек ЕАЭО елдеріне экспорттайтын болды

Қазақстан мұнай өнімдерін тек ЕАЭО елдеріне экспорттайтын болды
ашық дереккөзі
235

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасынан тыс жерлерге мұнай өнімдерін тасымалдамайтын болды. Қара алтын экспортын шектеуге Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Владимир Школьниктің 2015 жылдың 26 маусымында шығарған № 437 "Мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы" бұйрығы себеп. Тыйымның күші алты айдан кейін жойылмақ.

"Қазақстан Республикасы мұнай өнімдерінің ішкі нарығында мүлдем жетіспеушілікті және бағаның өсуін болдырмау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасынан тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан тұрмыстық пеш отынынан басқа жеңіл дистилляттар мен өнімдерді, орташа дистилляттарды, керосинді, газойлдарды, дизель отынын және өзге мұнай өнімдерін әкетуге алты ай мезімге тыйым салу енгізілсін", –делінген жарияланған құжатта.

Серіктес жаңалықтары