Павлодарда 11 мың бүлдіршін 1 сыныпқа барады

Павлодарда 11 мың бүлдіршін 1 сыныпқа барады

Павлодарда 11 мың бүлдіршін 1 сыныпқа барады
ашық дереккөзі
211

Жаңа оқу жылында Павлодар облысында 11 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, өткен жылы бірінші қыркүйекте аймақта 10800 бірінші сынып оқушысы бірінші сыныпқа барған.

Ведомство басшысының орынбасары Тамара Иванованың сөзіне сүйенсек, соңғы бірнеше жылда өңірде бірінші сыныпқа баратындардың қатары шамамен 500 балаға артқан. Ата-аналардың басым бөлігі балаларын алты жастан мектепке бергенді жөн көреді екен. Былтырғы мәлімет бойынша алты жастағылар бұл бірінші сынып оқушыларының жалпы санынан үштен бір бөлігін құрады. Орта білім беретін қарапайым мектептерге балалар сынақсыз қабылданады, ал дарынды балаларға арналған мектепке қабылдану үшін бүлдіршіндерге емтихан тапсыруға тура келеді. «Өңірдің орта білім беру мектептеріне балабақша түлектерін қабылдау биылғы жылдың 30 тамызына дейін жалғасын табады. Қарапайым орта білім беру мекемесіне балаларды қабылдау емтихан немесе қандай да бір сынақ тапсырусыз жүргізіледі. Дегенмен, ата-аналар балаларын дарынды балаларға арналған мектептерге бергісі келсе, балғындар білім беру мекемелерінің типтік нормативтеріне орай конкурстық негізде қабылданады», – дейді Тамара Иванова. 10 тамыздан бастап бірінші сыныпқа баратын балаларға оқулықтар тарату жұмыстары басталып кететінін айта кетейік. Жаңа оқу жылыныңтағы бір ерекшелігі – облыста «Мектеп оқулығы» акциясы шеңберінде әр бірінші сынып оқушысына Елбасының атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы сыйға тартылмақ.

Серіктес жаңалықтары