Қате диагноз қойылған сәби 7 рет химиялық ем қабылдады

Қате диагноз қойылған сәби 7 рет химиялық ем қабылдады

Қате диагноз қойылған сәби 7 рет химиялық ем қабылдады
ашық дереккөзі
241

Алматыда 2 жарым жастағы сәби дәрігерлер қателігінен 7 рет химиялық ем қабылдаған. Онкологиялық дертпен ауырады деген диагноз қойылған баланың ата-анасы дәрігерлердің үстінен шағымдануда. Өйткені сәбидің диагнозы қате болып шықты, деп хабарлады «31-арна». 2 жылдан бері Құсайыновтар отбасы кішкентай Ілиястың денсаулығы үшін алаң. Басында қызуы жиі көтеріліп ауырғанда, сырқатын нақты анықтай алмаған Тараздағы дәрігерлер Алматыға жіберген. 2013 жылы республикалық педиатрия жәнен балалар хирургиясы орталығының мамандары балаға нейробластома деп диагноз қойыпты. Ата-анасының дәрігерлердің сөзіне құлай сеніп, Ілияс аталмыш дертке қарсы 7 рет химиялық ем қабылдаған. Екі мәрте ота жасалғаннан кейін шаштары түсіп, өңі қуарып кеткен баланы дәрігерлер туберкулезбен ауырады деп орталықтан шығарып тастапты. “Баламды қоян сияқты сойып тастады. Екі мәрте операцияға түсті. Осы жасалған жерде тағы бір рет жасап едік, ішінде жібін ұмытып кетіпті дейді. Оған да келістік баламыз үшін”, – дейді Ілиястың анасы Ақмарал Ахметова. Ақмаралдық айтуынша, дәрігерлер өз қателіктерін мойындағысы жоқ. Ғылыми орталықта Ілиястың диагнозын Бахрам Мәлікайдарұлы есімді дәрігер қойған. Ол ота жасау арқылы алынған ағзаны Германияға жіберіп, гистологиялық анықтама аламыз деген көрінеді. Алайда орталық әлі күнге дейін бұл анықтаманы Ілиястың ата-анасына бермеген. Құсайыновтардың шағымына Республикалық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы басшылығы да мардымды жауап бермеді. Ілиясқа ота жасаған дәрігер де өз басын арашалап әлек. Әділдік іздеп төзімі таусылған отбасы енді сотқа жүгінуден басқа амалымыз қалмады деп отыр. Ілиястың аурухана жағалап жүргеніне 2 жылдан асыпты. Қазір ол туберкулезге қарсы ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақталған. Әйтсе де, Құсайыновтар отбасы баланың денсаулығына тиген зардап өтемін қайтарғысы келеді.

Серіктес жаңалықтары