Қазақстан алғаш рет Бразилияға уран жеткізді

Қазақстан алғаш рет Бразилияға уран жеткізді

Қазақстан алғаш рет Бразилияға уран жеткізді
ашық дереккөзі
293
Қазақстан алғаш рет Бразилияға уран жеткізді, деп хабарлайды kazatomprom.kz Қазақстанның ұлттық атом компаниясы әлемдік ядролық отын нарығына өз өнімдерін жеткізу географиясын кеңейте түсті. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бразилиялық «Indústrias nucleares do Brasil» (INB) компаниясына табиғи уран концентратын жеткізу бойынша тендерде жеңіп шықты. Келісім шарттарына сәйкес Қазатомөнеркәсіп белгіленген мерзімде уран жеткізіп берді. INB – Бразилияның ядролық отын өндіретін мемлекеттік кәсіпорны. INB қызметін елдің Ядролық энергия жөніндегі ұлттық комиссиясы (CNEN) мен Қоршаған орта және жаңғырмалы табиғи ресурстар институты, сондай-ақ АЭЖХА лицензиялап және қадағалап отырады. Аталмыш келісімшартқа қол қойылуы атом энергиясын бейбіт пайдалану жөніндегі қазақстан-бразилия ынтымақтастығын дамыту және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өнімдерін өткізудің жаңа нарығын іздеу тұрғысынан үлкен маңызға ие.

Серіктес жаңалықтары