Қазақ хандығы туралы фильмнің тұсаукесері Америкада өтеді

Қазақ хандығы туралы фильмнің тұсаукесері Америкада өтеді

Қазақ хандығы туралы фильмнің тұсаукесері Америкада өтеді
ашық дереккөзі
223

АҚШ-та “Қазақ хандығына 550 жыл” атты деректі фильмнің тұсаукесері өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне хабарлады. Кеше Америкада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Асқар Тәжиев, сонымен қатар Ұлттық музейінің қызметкерлерінің қатысуымен «IVLPondemand» халықаралық сапарлар бағдарламасы басталды. Шара 12 тамызға дейін жалғаспақ. Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бағдарламаның ашылуы «WorldLearning» кеңсесінде өтті. Салтанатты шараға қазақстандық делегация мүшелерімен қатар, АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері де қатысқан. Қазақстандық делегация Смитсон институты, Тарихи объектілерді сақтау Ұлттық Қор Ассоциациясы, Джордж Вашингтон университеті, Нью-Мексико штатының Петроглиф ұлттық ескерткішінде әр түрлі деңгейдегі кездесулер өткізуді жоспарлаған. Сапардың басты жаңалығы – Вашингтондағы Джордж Вашингтон университеті мен Нью-Йорктегі Роберт Де Нироның «Tribeca» киностудиясында Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтпек. Америкалықтар мен шара қонақтары Қазақ хандығының құрылу тарихымен танысуға мүмкіндік алады. Фильм көне және ортағасырлардағы Шығыс Азия мен Ұлы Жібек жолы, монғол шапқыншылығы мен әлемнің геосаяси бөлінуі, қазақ халқын жаулап алу тарихнамасы, Шыңғысхан мұрагерлерінің арасындағы талас, 1465 жылы алғашқы дербес Қазақ хандығының құрылуы туралы баяндайды.

Серіктес жаңалықтары