350
Қырғызстанда жол жөндейтін жұмысшылар ереуілге шықты
Қырғызстанда жол жөндейтін жұмысшылар ереуілге шықты
Қырғызстанда Талас-Тараз-Суусамыр бағытындағы жолдарды жөндеп жатқан жұмысшылар ереуілге шықты. Себебі – төртінші ай еңбекақыларын алмаған.
Жолды қайта жөндеумен айналысатын «Кыргыз жол курулуш» компаниясының директоры Болотбек Сейдакматовтың сөздеріне қарағанда, ереуіл бір аптадан бері жалғасып жатыр. Ол елуге жуық адам жұмысқа шықпай жатыр дейді.
Жұмысшылар еңбекақысын төлеуге тиіс «Чакыр йапы Санайи ве Тижарет» мердігер компаниясы әзірге байланысқа шықпай жатыр. Басшылығы түсініктеме беруден де бас тартып отыр.
Талас-Тараз-Суусамыр бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары былтыр тамыз айында аяқталуы тиіс болған. Бірақ түрлі себептермен биылғы жылдың маусым айына дейін ұзартылған.
Былтыр қыркүйек айында да дәл осындай жағдай қайталанған. Тас жолдың 87 шақырымын жөндеген жұмысшылар айлық берілмей жатыр деп дабыл қаққан болатын.