Алматыдан Алакөлге ұшақ қатынай бастайды

Алматыдан Алакөлге ұшақ қатынай бастайды

Алматыдан Алакөлге ұшақ қатынай бастайды
ашық дереккөзі
437
Енді алматылықтар да еліміздегі ең танымал туристік орындардың бірі Алакөлге ұшақпен жете алады. Ертең Алматы әуежайынан Үшаралға алғашқы рейс көкке көтеріледі. Ұшақтар аптасына бес рет қатынайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Алматы-Үшарал-Алматы  бағытында ұшақтар дүйсенбі мен сенбі күндері ғана қатынамайды. Билеттің бір бағытқа құны 10 мың теңге. Сонымен қатар, «Жетісу» әуекомпаниясы Талдықорған-Үшарал бағытындағы ұшақтарды іске қосады. Оның уақытын қосымша хабарлайтын боламыз. Жалпы көлдегі туристік маусым жаз айының алғашқы күнінен басталады. Қазір демалыс орындары туристерді қабылдауға толықтай дайын», -  деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел. Айта кету керек, былтыр 21 шілде күні Үшаралдағы әуежай іске қосылған болатын. Бұған дейін әуе рейсі Астана-Үшарал, Талдықорған-Үшарал бағыттары бойынша қатынады. Жалпы  әуежай Алакөл жағалауынан 86 шақырым жерде орналасқан. Биыл Алматы облысындағы айдынды Алакөлге 1 миллионнан аса турист келетіні күтілуде. Туризмді дамыту жағдайымен танысу үшін Алакөлде жұмыс сапарымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болған еді.

Серіктес жаңалықтары