Петропавлда отандық жарма өндіретін алғашқы цех ашылды

Петропавлда отандық жарма өндіретін алғашқы цех ашылды

Петропавлда отандық жарма өндіретін алғашқы цех ашылды
ашық дереккөзі
1034
Петропавлда қарақұмық пен дәнді дақылдар өндіретін алғашқы цех ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Даму» қоры» АҚ өңірлік филиалының баспасөз қызметі мәлім еткендей, «РахатОпт» ЖШС осы жобаны жүзеге асыру үшін «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын қолданған. Былтыр компания қордың кепілімен 130 млн теңге алды. Бұл қаржыға «Олис» украиндық компаниясының азық-түлік жармасын өндіретін жабдықтарды сатып алған. Өндірістік желі жартылай іске қосылды. Компания шикізатты жергілікті шаруа қожалықтарынан сатып алуда. «Біздің ұн тартатын өндірісіміз және жарма сатудан тәжірибеміз бар. Нарықты зерттеп, өнімнің сұранысы жоғары түрін таңдадық. Өндірістік ғимарат пен астықтарды тазалайтын жабдықтар сатып алдық. Бүгінде қарақұмық, арпа жармасы, тары, бидай жармасын дайындап жатырмыз. Тұтынушылар үшін жарма бағасы арзан болады», - деді компания басшысы Акиф Велиев. «РахатОпт» ЖШС бір айда 40 тонна дайын өнім өндіруді жоспарлап отыр. Биыл компания Қазақстанның бірнеше қаласынан өз филиалдарын ашпақ.  

Серіктес жаңалықтары