БӘСЕКЕСІ АРТҚАН БАНКТЕР
БӘСЕКЕСІ АРТҚАН БАНКТЕР
Сарапшышылардың
пікірінше, соңғы уақытта еліміздегі банктер арасында бәсекелестік артып келеді.
Бүгін «Қазақстанда қаржыландырудың өсуі» халықаралық
форумында сөз сөйлеген «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарушы директоры мен «БТА банк»
АҚ басқарма төрағасы Мағжан Әуезов: «Қазақстанның банк секторында жоғары
бәсекелестік байқалып келеді, бұл ақыр соңында банк өнімдері қатарының кеңеюіне
және олардың құнының төмендеуіне әкеледі.
Жыл бойы
бірнеше маңызды оқиғалар орын алды. Солардың бірі – БТА, Темірбанк және Альянс
банкі акцияларының жеке тұлғаларға сатылуы. 2009 жылдан кейін алғаш рет ірі
ойыншылардың жеке акционерлері пайда болды, келесі жылы сектор алдында тұрған
сын-қатерлерді ескерсек, көптеген акционерлер сатып алынған активтердің құнын
сақтау бойынша шешімдер қабылдауы қажет. Банктер арасында клиенттер үшін жоғары
бәсеке туындағанын байқап отырмыз, және өнімдер қатары кеңейіп, оның құны
төмендейді деп үміттенеміз», ̶ деді.
Сондай-ақ
сарапшы биыл ел үкіметі банк жүйесіндегі маңызды проблемалардың бірі – ішкі
нарықта теңге жетіспеушілігі мәселесін шешкенін атап өтті. «Халықтың 70 пайызға
тартасы ақшаны шетелдік валютада сақтайды. Шетелдік валютада жеке тұлғаларға,
корпоративтік секторға несие беруде тәуекелдер бар», – деді басқарма төрағасы.
Соңғы уақытта доллор төңірегінде дықпырт әңгіме шығып,
Ресейде долларға заңды түрде тыйым салынбақ көрінеді. Бұл жағдайда, Қазақстанда доллардың
жағдайы қалай болатындығы сөз болуда. Бұл құбылыс теңгенің қолданыс аясын
арттыруға ықпал етуі де бек мүмкін.
Еркежан ЖҰМАТАЙ