Украина консулдықтары жаппай қысқартуға ұшырады

Украина консулдықтары жаппай қысқартуға ұшырады

Украина консулдықтары жаппай қысқартуға ұшырады
ашық дереккөзі
457

Украинаның Алматыдағы консулдығы өз жұмысын тоқтатты, деп
хабарлады «КТК» арнасы. Елдегі тұрақсыз экономикалық және саяси ахуалға
байланысты Украина билігі дипломатиялық өкілдіктерінің санын қысқартуға мәжбүр.
Қазақстаннан өзге сегіз мемлекеттегі консулдығы жабылып қалған.

Атап айтсақ, Румыния,
Словакия, Болгария, Франция, Грузия, Израиль, Бразилия және Ресейдегі өкілдіктер
1 қарашадан бастап қысқартылды. Басты
себеп – қаржы тапшылығы. Көктемнен бері елдің шығысындағы бүлік мемлекетті
әбден шығынға батырған. Украина Сыртқы істер министрлігі қысқартудың әлі де
жалғасуы мүмкін екенін айтып отыр. Украинаның Қазақстандағы елшілігінің
баспасөз хатшысы Ирина Блащук Алматыдағы консулдықтың жабылуына себеп болған
бірнеше факторды атады. Оның бірі – ақшаның жоқтығы болса, екінші себеп – өкілдікке келетін адам санының аздығы. Яғни
адам келмеген соң, атқарылатын жұмыс көлемі де көңіл көншітпейді. И.Блащуктың
айтуынша, консулдық жабылғанымен, елшілік өз жұмысын жалғастыра береді. Бірақ
елшілік қызметіне жүгінгісі келетін азаматтар енді ат арытып, Астана баруға мәжбүр. Соңғы санақ
мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 330 мыңнан астам украин ұлтының
өкілі тұрады екен. Басым бөлігі солтүстік өңірлерде
қоныстанған.

Серіктес жаңалықтары