Тыйым салынған өнімдер тізімі жарияланды

Тыйым салынған өнімдер тізімі жарияланды

Тыйым салынған өнімдер тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
193

ҚР Ұлттық
экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінде Кедендік одақтың
техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін азық-түлік өнімдерін шектеу мен
тыйым салуға байланысты жұмыстар жүргізілуде.

Комитеттің
сайтында санитарлық шараларға байланысты Қазақстан Республикасының аумағына кіргізу
тыйым салынған өнімдер тізімі
жарияланды. Бұл туралы Экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселен, 2014 жылдың 1 қазанынан 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін Ресей мен
Белоруссиядан және Италия, Франция, Шотландия сынды бірқатар Еуропа елдерінен
алкоголь өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды. Есесіне, Австралиядан ет
тасымалдауға салынған тыйым мен Ресей мен Белоруссиядан құс етін импорттауға енгізілген
эмбарго күшін жойды. Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті азық-түлік
қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін өнімдер үшін Кедендік одақтың кедендік
шекарасында кикілжің туындамас үшін кәсіпкерлерге сайттағы тізімді басшылыққа
алуды ұсынады.

Серіктес жаңалықтары