"Ұйқышылдық ауруына" радиациялық фонның қатысы жоқ

"Ұйқышылдық ауруына" радиациялық фонның қатысы жоқ

"Ұйқышылдық ауруына" радиациялық фонның қатысы жоқ
ашық дереккөзі
238

Біраздан бері шуға айналған «ұйқышылдық ауруы» Ақмола облысы, Калачи
ауылының тұрғындарын түгел дертті қылған еді. Түсініксіз дерттің сырын білу
мақсатында елді мекендегі радиациялық фон өлшенді. Бұл туралы Ұлттық ядролық
орталық бас директорының радиоэкология жөніндегі орынбасары Сергей Лукашенко
мәлімдеді. Зерттеудің нәтижесінде, Калачи ауылындағы радиация деңгейі нормадан
аспайтыны анықталды. Айта кетейік, бұл өңірде кеңес заманында уран кені
өндірілген. Бұл соңғы тексеру емес. «Жағдай
жөнінде толық мәлімет алу үшін әлі бірнеше өлшем бойынша дерекке қол жеткізу
керек, бірақ радиациялық фонның қатысы жоқ деп 99 пайыз сеніммен айтуға болады.
Біздің мақсат – ауруға себеп болмайтын нұсқаларды тезірек жою. Бізге бұл өңірге
зерттеу бағдарламасын жасау жүктелген. Мәселе ауа құрамындағы көміртегі тотығы
мен азотты және органикалық қосындыларды өлшеу турасында болып отыр. ҰЯО-да ауаға
таралатын газ қалдықтарын есепке алатын стационарлық тұрақтар жоқ. сол себепті
мекеме басшылығы зерттеуге қажетті құралдарды сатып алуы қажет», – дейді Сергей Лукашенко. Беймәлім дерттің
әсерінен ауыл тұрғындары әлсіреп, ұйқыға кетеді. Осындай белгімен ауруханаға
түскендер саны артқан.  Бұған дейін ҚР
Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау комитеті
төрағасының орынбасары Тимур Жантикин бұл ауылда радонның шамадан тыс таралуы
анықталмағанын және оның бұл ауруға себеп еместігін айтқан. Елді мекендегі радиациялық фонның нормадан асып кеткендігінен
«ұйқышылдық ауруы» туындады деген туралы болжамды ауыл тұрғындары жасаған еді.

Серіктес жаңалықтары