Жемқорларға "Нұр Отанда" орын жоқ

Жемқорларға "Нұр Отанда" орын жоқ

Жемқорларға "Нұр Отанда" орын жоқ
ашық дереккөзі
306

Партия құрамын тазалау
барысында жемқорлық әрекеті үшін 200 адам «Нұр Отан» партиясының
қатарынан шығарылды. Бұл жөнінде «Нұр Отан» партиясының сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жасау жөніндегі жұмыс тобының
қорытынды отырысында партия төрағасының бірінші орынбасары
Бауыржан Байбек мәлімдеді. Бауыржан Байбектің айтуынша, партия қатарынан
заңнамалық нормаларды бұзған 25 мың адам шығарылған. Оның 200-і сыбайлас
жемқорлық әрекеті үшін партиядан алыстатылған. Партия «Нұр
Отанның» төрағасына жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалуы жайлы
баяндама әзірлеп тұрмақ. Және баяндаманың мазмұнын БАҚ-та жариялап тұруды да
қолға алмақ. Бұл бағдарлама қазір партияның жетекші органдарына талқылауға жіберілген.
Үстіміздегі жылдың
сәуірінде Бауыржан мырза партиялық тәртіпті арттыру керектігін айтқан. Партиялық
бақылау жұмысы мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтановқа тапсырылған еді. Қорытынды
отырыста сөз алған Қуаныш Сұлтанов осы уақытқа дейін партия талаптарына жауап
беремегендерді партия қатарынан шығару мәселесін у-шусыз өткізуді шешкенін
айтты. «Партияға біреу депутат болу үшін, ал біреу пайдакүнемдік пиғылмен өткен
екен», – деп атап өтті
Қуаныш Сұлтанов.

 

Серіктес жаңалықтары