КОМСОМОЛ ҰЙЫМЫН МАДАҚТАҒАН БАСЫЛЫМНЫҢ МАҚСАТЫ НЕ?
КОМСОМОЛ ҰЙЫМЫН МАДАҚТАҒАН БАСЫЛЫМНЫҢ МАҚСАТЫ НЕ?
Қостанайдағы
“Наша газеті” басылымында Кеңес Одағы кезіндегі комсомол ұйымдарын
мадақтайтын мақала жарық көрді. Мақала авторы Аркадий Денисов қазіргі биліктің
комсомолды айырбастайтын еш ұйым таппағанын айтады.
“Лениндік комсомолдың туған
күнін Қазақстанда атап өтпейді. Бұл күнді “қарғыс атқыр өткен күннің
мұрасы”, кеңестік дәуірдің қалдығы санайды. Әйтсе де, аға буын өкілдері
көптеген жастарға өмірлік жолдама берген бұл ұйымды сағынышпен еске
алады”, – деп жазады Денисов.
Автор аталған мақаласында комсомол ұйымының
көптеген пайдалы жақтарын тізіп шыққан. Автордың айтуынша, Кеңес Одағы кезінде
комсомолдықтар қоғамға пайдалы жұмыстар атқарыпты.
Әскерде, авиа мен флотта, тіпті, Ұлы Отан соғысы кезінде де комсомолдықтар
коммунистермен бірге алдыңғы шепте жүрген.
“Комсомол жастарды қоғамның белсенді мүшесі болуға шақыратын идеологиялық
ұйым болатын. Өзіңді аямай Отанды қорғап, мемлекет мүддесін өз мүддеңнен жоғары
қоюға шақыратын. Қазіргі билік комсомолға балама болатын қандай ұйымды ұсынды?
Ешқандай. Биліктегілер бүгінгі күнмен өмір сүруде. Олардың ішінде
мемлекетшілдер жоқ”, – деп жазылған мақалада. Кеңестік кезеңнің кертартпа
саясатын мойындамайтындардың ой осы іспеттес.
Елдігіміздің туын көтеріп,
аяғымыздан енді тұрған шақта «біткен іске сыншы» көбейіп, әркім өз қалағаны мен
көксегенін меңзейді. Кеңестің қыспағын сағынғандардың көбі дерлік «ұлттық
ұғымның» не екендігінен бейхабар, тіпті, қазаққа жанашырлықпен қарайтыны
күмәнді. Автор мақала арқылы нендей ойды
меңзегісі келгендігі ұғынықты.
Ақпарат ағынында тәуелсіз ел оқырмандарының
санасын улап, ол аз десеңіз, айрандай ұйыған зайырлы елдің егемендігіне қауіп
көлеңкесін төндірген бұл басылымның ашық шабуылына тосқауыл керек деп
есептеймін. Сан ғасырлық тарихы бар Қазақ мемлекетінің бүгінгі әлем халықтары
алдындағы абыройы мен беделі айқындалған шақта, көп ұлтты халқымыздың ешқандай
да кеңестің кезеңге бүйрегі бұрып тұрған жоқ.
Еркежан
ЖҰМАТАЙ