КЕДЕН ОДАҒЫНА МҮШЕ ЕЛДЕР ОРТАҚ БАНК ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕ МЕ?

КЕДЕН ОДАҒЫНА МҮШЕ ЕЛДЕР ОРТАҚ БАНК ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕ МЕ?

КЕДЕН ОДАҒЫНА МҮШЕ ЕЛДЕР ОРТАҚ  БАНК ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕ МЕ?
ашық дереккөзі
216

КЕДЕНОДАҒЫНАМҮШЕЕЛДЕРОРТАҚ

БАНКЖҮЙЕСІНЕКӨШЕМЕ?

Кедендік одақ 170 млн.
адам өмір сүретін ірі нарықты қамтитынын ескерсек, бір мақсатта ауқымы кең
бастамаларға нар тәуекелдеп кірісуге міндеттіміз. Сарапшылардың бағалауынша,
Кеден одағы үш елге 2015 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 15 пайыздан астам
өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін көрінеді.

Кеден одағынан келетін жалпы
өнім Ресей үшін 400 млрд. доллар, Беларус пен Қазақстан үшін 16 млрд. доллар
немесе ішкі жалпы өнімдерінің 14 пайызы болмақ. Экономикалық одаққа мүше елдер жақын арада бірыңғай банк
аударымы жүйесіне көшуі ықтимал.

Жаңа жүйе ақпарат тарату және төлем жасауда
SWIFT халықаралық жүйесіне балама ретінде құрылмақ. Беларусь Ұлттық банктің
мәлімдеуінше Кеден одағы үштігіне төлем мәліметтерінің сақтығын қамтамасыз
ететін қызметтесу арнасы қажет. Бұл бағытта қазір банк карталары жүйесін
біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бірақ, аталмыш интеграция Visa мен
MasterCard халықаралық жүйелердің қызметін шектемейді.

Айта кетейік, соңғы
кездері БАҚ беттерінде SWIFT санкцияларға байланысты Ресейді өз қызметтерінен
шектеуі мүмкін деген ақпарат кеңінен тараған. Алайда банк саласының мамандары,
бұл қадам төлем жүйесінің өзіне де экономикалық тұрғыдан тиімсіз, деп
есептейді. Бұған дейін, Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Григорий
Марченко Ресей ақпарат құралдарына берген сұхбатында ұлттық төлем жүйелерінің
де біріккенін қолдайтынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, келешекте
Кеден одағы немесе Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде аймақтық валюта
болуы мүмкін. Кеткен басшының бұл сөзі көптің көңілінде қалғаны рас. Тіпті, Ресейдің
«Московский комсомолец» газеті ортақ валютаның аты «алтын» болатынын жазды.  Аталған  басылым алтынның 2025 жылға
дейін қолданысқа енетінін де айтып өтіпті.


Сондай-ақ газет Еуразия ұлттық
орталық банкінің бас кеңсесі Алматы қаласында орналасады деп алдын ала ақпарат
таратқан.
Үш ел арасында ортақ валютаның болу, болмауы жайында сан-саққа жүгірген
әңгімелерге халық илана бастағандай. Осы жылдың көктемінде ҚР
Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бірыңғай ұлттық
валюта болмайтынын айтқан болатын. Нақтырақ айтсақ, «Мұндай әңгіменің қайдан
шығатынын білмеймін. Біз бірыңғай экономикалық валютаның құрылуы туралы
мәселені мүлдем талқылаған емеспіз, шарт жобасына бұл мәселе жоқ, яғни ешқандай
ортақ валюта болмайды.

Бізде теңге қала береді, – деп мәлімдеген еді.  Таяуда шыққан Кеден одағына мүше елдер ортақ банк жүйесіне
өтетіндігі турасындағы мәлімет расталып отыр. Ал оның соңы ортақ валютаға
көшуге келетін болса, көрше елдегі тараған мәлімет расқа айналады деген сөз.


Еркежан
ЖҰМАТАЙ

Серіктес жаңалықтары