Эбола Обаманы ғана толғандыра ма?

Эбола Обаманы ғана толғандыра ма?

Эбола Обаманы ғана толғандыра ма?
ашық дереккөзі
232

Бірақ соңғы кездері бұл дерттен көз жұмғандар
саны артып, жаппай эпидемияға айналғаны әлем жұртына үрей салды.

Жұқпалы
ауру тіркелген Гвинея, Сьерра-Леоне,  Либерия
және басқа да Африка елдері жабық аумаққа айналғандай. Ал эбола дертін
байқаусызда жұқтырған Еуропа туристері, АҚШ азаматтары қауіпті вирусты өз
елдеріне де жеткізіп үлгерді.

0161732cee5943fe7b367aa930e049c8.jpg

Бұл
дерт қайдан пайда болды? Онымен күресу жолы қандай? Бұл сұрақтың жауабын АҚШ
президенті Барак Обамадан артық айтып, алаңдаушылық танытқан ешкім жоқ. Әлемде
алғашқы қатерге айналды, адамзаттың жауы деген ұранмен Обама күнде сұхбат
береді. Емделудің, сақтық шараларын айтады. АҚШ президенті Барак Обама аса қауіпті Эбола дертінің бақылаудан
шығып бара жатқандығын айтып, халықаралық қауымдастықты оған қарсы күресте күш
біріктіруге шақырып әлек.
Тіпті
басқа айналысатын мемлекеттік маңызды мәселе қалмағандай.
Сонда Обамадан басқаны бұл дерт толғандырмай ма?

Әлде кезінде дүниежүзін дүр сілкіндіріп, даңғаза
туғызған құс тұмауы, шошқа тұмауы сияқты жоғалып кетеді деп ойлай ма?
Естеріңізде болса, осыдан бес-алты жыл бұрын Қытайда пайда болған құс тұмауы
мыңдаған адамдардың өмірін қиды. Жұқтырмаған адам қалмады деген ақпар тарады.
Алайда көп ұзамай антивирус табылып, әлем аман қалды. Шошқа тұмауымен де жағдай
осылай болғаны есте. Ендеше абдырап, аураудан қорқудың қажеті же жоқ шығар.

Эбола қайдан шықты? Ауру ағзаға вирус түскеннен кейін кез
келген күні қозуы мүмкін. Көбіне оның белгілері 8-10 күн өткесін білінеді. Аурудың
бастапқы кезінде бас ауырып, қан құсады. Бұлшықеттер қатты ауырып, көзден,
мұрын, қызыл иек пен құлақтан қан кетеді. Дененің температурасы 39-40 градусқа
дейін көтеріледі. Ал соңғы белгілері құрғақ жөтел мен кеуде тұсы батып ауырады.

Маргарет Чэнь, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы:

– Бұл аурудың алғашқы белгілері осыдан 40 жыл бұрын шыққан болатын.
Бірақ, ол қазір ғана адамдар үшін ең қауіпті және кеңінен етек жайған дерт
болып отыр. Және оның тез тарауы әлем халқы мен халықаралық ұйымдарды қатты
алаңдатуда. Ең өкініштісі, індеттің жай-күйін бақылап, оған қарсы шара
қолдануға үлгермей жатырмыз.

Сонда кеше емес, былтыр емес әріректе пайда болған немесе алдын ала
жасалған ауру болғаны ма? Кейде осы дерт
Обама үшін жасалған пиар-акция іспетті. Құдды Обаманың өмірбаянына жазылуға
тиіс күрес сияқты. Кезінде Қауіпті
ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы – СПИД) дерті қайдан бастау алған
еді? Оның жұқтырылған белгісі алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та тіркелген. Ал ЖИТС-ке
шалдығудың соңғы сатысы ВИЧ инфекциясын 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье
ашты. Араға отыз жыл салса да, шипасы табылған жоқ. Бірақ
бұл адам қолымен жасалған сәтсіз немесе қасақана тәжірибенің нәтижесі екені
жасырын емес қой. Бұл ауруды тарату мақсатында немесе тексеру үшін Африка
маймылдары тәжірибеге алынған. Бірақ маймылдар бұл дертке шалдықпайды, ал
жергілікті тұрғындарға қалай да жұқтырылады. Осылайша алғашқы әлем дертінің
ошағы тағы да Африка болған. Осы
орайда ресейлік патолог-дәрігер Владимир Агеевтің айтуы бойынша, СПИД
тапсырыспен жасалатын ауру. Онымен АҚШ-та жылдық бюджеті 2 млрд. долларды
құрайтын жасырын медициналық-ғылыми орталық айналысады. Оның штатында 2 мыңдай
қызметкері бар. Олардың табыс көзі – әлемде дүркін-дүркін жаңадан вирус ошағын
тұтандырып отыру. Құс тұмау, шошқа тұмау, эбола дерті араға жылдар
салып, енгізілетін жоспарлы вирустар ма?…

Серіктес жаңалықтары