ЕЛДЕГІ МАЛ ҰРЛЫҒЫ БЕЛЕҢ АЛЫП ТҰР

ЕЛДЕГІ МАЛ ҰРЛЫҒЫ БЕЛЕҢ АЛЫП ТҰР

ЕЛДЕГІ МАЛ ҰРЛЫҒЫ БЕЛЕҢ АЛЫП ТҰР
ашық дереккөзі
218

 

ЕЛДЕГІ МАЛ ҰРЛЫҒЫ БЕЛЕҢ АЛЫП ТҰР

Ауылдағы
ағайынның қорадағы малын қолды ететін ұрылардың саны күн санап артып келеді. Енді
мал ұрлығы мәселесіне Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың өзі араласа
бастады. Өйткені халықтың аймақтағы полицейлерге сенімі жоғалған. Тіпті ел ішінде «ұрыларды қыстық соғым үшін облыстық департамент басшылары
қорғаштайды екен» деген сыбыстың тарағаны жасырын емес.

Бұл турасында Мәжіліс
депутаты Алдан Смайыл: «Олар өздері үлкен бір сыбай­ластық топ құрып алған. Бiр табын жылқыны
айдап әкетеді. Жоқ болады. Ешкім таппайды. Не полиция таппайды, не басқа
таппайды. Бұл әлеуметтік үлкен дертке айналды. Мал ұрлығына тосқауыл қоятын
қандай шаралар қарастырып жатырсыздар?», – деп министрге сауал жолдаған болатын.

Министр Қалмұхамбет Қасымовтың сөзі­не қарағанда, «азаматтар малы
жоғалғанда бірден айтпай, ізін суытып алады. Криминалдық полиция коми­те­­тінде
тек мал ұрлығымен айналысатын арнайы топ құрдық. Мұндай жасақтар әр об­лыста
болады. Тіпті қазіргі таңда авиаком­паниялармен келісімшартқа отырып, енді
іздеу жұмыстарына тікұшақтарды пайдана­латын боламыз» ,– деді.

Еркежан ЖҰМАТАЙ

Серіктес жаңалықтары