Шетелдік жүргізушілерді қадағалау күшейтілді

Шетелдік жүргізушілерді қадағалау күшейтілді

Шетелдік жүргізушілерді қадағалау күшейтілді
ашық дереккөзі
304

Астана
қаласы әкімдігінің ресми сайты жол жүру ережесін бұзған шетелдік жүргізушілерді4 Қазақстаннан шығарылатынын
мәлімдеді. «Астаналық
полицейлер қалаға келетін шетелдік көліктерге тексеруді күшейтті. Бұл шетелдік
жүргізушілердің қатысуымен болатын жол-көлік апаттарының алдын алып, қоғам
қауіпсіздігін сақтауға бағытталған шара», – делінген хабарламада. Іс-шараға 500 астам жол-патрульдік полициясының,
көші-қон полициясының, кедендік бақылау құрылымдарының қызметкерлері
жұмылдырылған.

ІІМ көрсеткіштеріне сәйкес
шетелдерден келген азаматтардың қатысуымен өткен 9 айдың ішінде 26 мыңнан астам
жол жүру ережесі бұзу фактілері тіркеліпті. Шетелдік жүргізушілердің қатысуымен
болған 28 жол-көлік оқиғасынан 28 адам қайтыс болып, 58 адам түрлі дене жарақатын
алған.

“Көші-қон полициясы қызметкерлері шетелден келген
азаматтардың заңды тіркеулері болмаса, қандай да заң бұзушылықтар анықталатын
болса, онда заңға сәйкес ел аумағынан шығарып жіберуге дейін шаралар
қолданылады”, – дейді. Астана
қаласы ІІД ӘПБ инспекторы Қуаныш Еркінов.

Астанаға көршілес Ресей мен
Қырғызстаннан келушілер көп. Тәртіп сақшылары жолаушы мен жүк тасымалдайтын
шетелдік жүргізушілердің құжаттарын жіті тексермек. Шара жүйелі жүргізілетін
болса, елорда көшелеріндегі жүгенсіздік мүлдем тыйылар еді.

Серіктес жаңалықтары