Елбасы «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығын алды

Елбасы «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығын алды

Елбасы «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығын алды
ашық дереккөзі
230

Х Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа
«Global Islamic Finance Awards»ұйымы «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығын табыс етті. Бұл сыйлық
Елбасына ислам қаржы нарығын өңірлік және халықаралық деңгейде дамытуда жеткен
табысы үшін берілді. Сыйлықты мемлекет басышысына «Edbiz Consulting Limited»
компаниясының бас атқарушы директоры Хумайон Дар тапсырды. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның 2009 жылдан
бері исламдық қаржыландыру қағидаттарын заңнамалық тұрғыдан енгізу жөнінен ТМД
және Орталық Азияда көшбасшы саналатындығын айтты. «Қазіргі уақытта Қазақстанда
ислам банкингі, сақтандыру және лизинг саласында өз қызметтерін ұсынатын
исламдық қаржы институттарының тұтас бір шоғыры жұмыс істейді. Қазақстанның исламдық
қаржыландырудағы рөлі күшейе береді», – деді ҚР Президенті.

Салтанатты марапаттау
рәсіміне Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай
әмірлігінің билейшісі шейх Мұхаммед бен Рашид әл-Мактум да қатысты.

Естеріңізге сала кетейік,
Елбасы Х Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысу үшін Біріккен Араб
Әмірліктеріне іссапармен келген болатын. бұл форум 2011 жылы Астана қаласында
өткен.

Серіктес жаңалықтары