Жаңа заң баспанасыздарға болыспақ

Жаңа заң баспанасыздарға болыспақ

Жаңа заң баспанасыздарға болыспақ
ашық дереккөзі
350

Сенаттың
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген
отырысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев “Қазақстандағы тұрғын
үй қатынастары туралы заң” жобасын таныстырды.

 Вице-министрдің айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты – тұрғын
үй қатынастары саласында әкімшілік құқық бұзушылықтардың жаңа құрамдарын енгізу.
Заң жобасы шеңберінде тұрғын үй саласындағы бірқатар мәселелер нақтыланды. «Тұрғын
үй қатынастары туралы» Заңның 13-бабының 9-тармағында Қазақстан Республикасының
азаматтары республиканың аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек бір тұрғын
үйді ғана жекешелендіруге құқығы бар екені көрсетілген. Қ.Өскенбаев кеңес
заманында үй алып, оны жекешелендіріп алған азаматтар Қазақстан Республикасының
атынан үй алды деп саналмайтынын ескертті. «Кеңес заманында адамдар 100 пайыз
купондық механизм бойынша үй алған. 1993 және 1996 жылға дейін берілген купондардың
тағдыры қайта қаралмайды. Егеменді ел болғаннан кейін купонмен алынған
пәтерлерді жекешелендірілді деп санамаймыз. Қазір бір адам мемлекеттен бір ғана
үй жекешелендіруге құқылы», – деп вице-министр заң талабын тарқатып берді. Демек,
кеңес үкіметі кезінде купондық механизммен үй алған адам баспанасы жоқ адам
ретінде мемлекеттен үй алуға құқылы.

Сондай-ақ,
жаңа заң жобасы аясында саяжайлардың тағдыры таразыға түсті. Ұлттық экономика
министрлігі саяжайларды тұрғын үй қатарына қосуға қарсы. «Заң жобасы бойынша
депутаттар саяжайларды тұрғын үй ретінде қабылдау керек деп отыр. Бірақ, біз бұған
келіспейміз. Себебі, саяжайларды тұрғын үй ретінде есептейтін болсақ, оның
басқа инфрақұрылымдарын да, яғни, мектебін, ауруханасын, жолдарын салу керек. Ал,
саяжайлардың аумағындағы инфрақұрылымы оған сәйкес келмейді. Саяжайларды тұрғын
үй ретінде қабылдаудың басқа жолын табу керек», –деді
Қайырбек Өскенбаев.

Сенат отырысынан
соң журналистердің сауалдарына жауап берген вице-министр сот шешімімен үйі
тәркіленетін тұрғындардың жағдайына қатысты да түсініктеме берді. Жаңа заң
бойынша жағдайы жоқ, басында бір ғана баспанасы болған адам үйсіз қалса, үш ай
уақытта жергілікті әкімдік үймен қамтамасыз ететін болады. Екіншіден, жалғыз
баспанасы бар адамды қыста үйінен шығару туралы шешім қабылданса, оның өзін
және отбасын суықта қалдырмаудың жолдарын қарастыру да көзделіп отыр.

Серіктес жаңалықтары