Әлемдік нарықта алтын құны аспандады

Әлемдік нарықта алтын құны аспандады

Әлемдік нарықта алтын құны аспандады
ашық дереккөзі
217

Еуропалық акциялар мен доллар курсының құлдырауына
байланысты әлемдік биржада алтын құны шарықтай бастады.

Алайда “Қазақмыс”
сарапшыларының хабарлауынша, өткен аптаның қорытындысы бойынша бағалы металл
құны 0,5 пайызға төмендеген. Десе де, 23 қазанда басталған «Дивали» алаулар
фестиваліне байланысты Үндістанның алтынға сұранысы күрт артып, әлемдік
нарықтағы бағалы металл құнын ұстап тұруға септігін тигізген. Үнді
агенттіктерінің деректеріне сүйенген “Глобэкс” банкінің сарапшысы Елена
Лысенкова қыркүйек айында Үндістанға 95 тонна алтын жеткізілгенін айтады. Бұл дүние жүзі бойынша бір айда өндірілетін бағалы
металдың тең жартысын құрайды.

Алтын импортынан
көш бастап тұрған елдің бірі – Қытай. Шанхай таратқан деректерге қарағанда бір
апта ішінде аспан асты еліне бағалы металдың 68 тоннасы импортталған. Егер импорт
көлемі осы деңгейді сақтайтын болса, қытайлар бір жылда 3500 тонна алтын жеткізілер
еді. 2011 жылы Қытайға 1000 тонна алтын
әкелінсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 2000 тоннаға көтерілген, яғни сұраныс бір
жылдың ішінде 100 пайызға өсіп отыр. Бұл – Шанхай алтын биржасының дерегі.

Нью-йорктағы New
York Mercantile Exchange (NYMEX) тауар биржасының COMEX секциясында бір күн
ішінде алтынның бір унциясы 1228,5-тен 1231,2 долларға көтерілген. Десе де, Лондон нарығында алтын бағасы
унциясына 1232,75 доллар күйінде қалып отыр.

Серіктес жаңалықтары