Ғылымға баулу бастауыш сыныптап басталмақ

Ғылымға баулу бастауыш сыныптап басталмақ

Ғылымға баулу бастауыш сыныптап басталмақ
ашық дереккөзі
278

Бүгін  «Корея республикасының үлгісінде
балаларды өнертапқыштық пен жаңашыл ойлауға оықту әдістері
» атты семинарда ҚР Білім және ғылым
вице-министрі Есенғазы Иманғалиев келер жылдан бастап Қазақстан мектептерінде
«Ғылымға кіріспе» атты жаңа пән оқытылатынын
мәлімдеді.

«2015 жылы
бастауыш сыныптар үшін «Ғылымға кіріспе» немесе «Әлемтану» жаңа мемлекеттік
сатандарты байқаудан өтеді. Ол балалардың инновациялық ойлау қабілетін
арттыруға арналған. 2015 жылы бұл стандарт еліміздің 63 мектебінде сыналады, ал
2016 жылы барлық мектептердің бірінші
сыныбына аталмыш пән енгізілетін болады», – дейді вице-министр. ҚР Президенті
Н.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында «Назарбаев зияткерлік мектебінің»
тәжірибесін еліміздегі жалпы білім беретін мектептерге таратуды тапсырған
болатын. Е.Иманғалиев жаңа пәннің Астана, Талдықорған және Көкшетау
қалаларындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінде» оқытылғанын, оқушыларға түсетін
ауыртпалық есепке алынғанын да ескертті. «Егер бұрындары біз жекелеген пәндерді
оқытатын болсақ, қазір балалардың кең ауқымды машықты меңгеруіне баса көңіл бөліп отырмыз. Ондағы мақсат –
оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірмен ұштастырып, ел экономикасының
дамуына пайдалануды үйрету. Бұл барлық пән аясында. Мысалы, бұрын біз химия,
физиканы жеке пән ретінде оқытсақ, қазір бұл пәндердің тоғысында жаңа ғылымдар
дамып отыр: биофизика, биохимия », – деді ол. Вице-министр жаратылыстану
ғылымдары ғана емес, гуманитарлық пәндерге қойылатын талаптың да күшейгенін
атап өтті.

Серіктес жаңалықтары