Жолақы құны арзандайды

Жолақы құны арзандайды

Жолақы құны арзандайды
ашық дереккөзі
466

Қазақстанда
жолаушылар тасымалымен айналысатын пойыздар қазанның 26-сынан бастап жүру уақытын
қысқы кестеге ауыстыратыны мәлім болды. Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы”
АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Кестеде
Астана-Қарағанды бағытына қатынайтын пойызды тәулігіне екі мәртеден үш мәртеге
дейін, ал Астана-Бурабай шипажайы бағытына жүретін пойызды күніне бір мәртеден
екі мәртеге ұзарту қарастырылған екен.

Екі күненн
кейін, яғни 29 қазаннан бастап, №69/70 Алматы-2 –Защита (Өскемен), қазанның
28-інен №35/36 Алматы-2 – Шымкент бағытына тағы екі жүрдек пойыз қатынайтын
болады. Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін Алматы–Защита (Өскемен) және Астана–Қызылорда
бағытына қатынайтын екі жүрдек пойызды іске қосу жоспарланған.

Ал жолаушыларды
қуантатын ең басты жаңалық – қарашаның 14-інен бастап “Тұлпар-Тальго”
пойызына жолақы құны бірден 35 пайызға төмендетіледі.

Сондай-ақ,
№69/70 Алматы-2 – Защита (Өскемен), №19/20 Астана – Атырау, №87/88 Ақтөбе – Астана,
№79/80 Астана – Шымкент, №77/78 Алматы-2– Атырау, №49/50 Алматы-Ақтөбе, №35/36
Алматы-2 – Шымкент, №67/68 Астана – Защита (Өскемен), №89/90 Астана – Қызылорда
бағытына қатынайтын пойыздарға да төмендетілген баға енгізілетін болады.

Серіктес жаңалықтары