Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН АШТЫ

Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН АШТЫ

Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН АШТЫ
ашық дереккөзі
260
Күз – маусымашар мезгіл, жаңа жоба­лардың, тың идеялардың жүзеге асар сәті. Өнер сүйер қауымның жылдың бұл мезгілін асыға күтетіні бекер емес. Өйткені араға айлар салып сүйікті театрларымен, жақсы көретін актерларымен қайта қауышады. 
Өткен аптада еліміздің маңдайалды театр­­­ла­рының бірі – бастап, көзі қарақты көрерменге өз есігін айқара ашты. Биылғы маусымашар салтанаты жылдағыдан өзгеше. Өйткені әдеттегідей сахнада емес, театр ғимаратының алдында өтті. Салтанатты кеш театрды құруға атсалысқан қайраткерлер мен кешегі күнге дейін табан алдырҒ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 69-шы маусымын май тер төккен сахна майталмандарын еске алып, театр есімін еншілеген классик жазушы-драматург Ғабит Мүсіреповтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Театр өнерінің ардагерлері – ҚР еңбек сіңірген әртісі Тамара Қосыбаева мен ҚР халық әртісі, ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алматы қаласы бойынша кеңесшісі, профессор Есмұхан Обаев театр ұжымына ақ баталарын берді. «Жаңа маусымды театрдың алдында, ұлы Ғабеңнің жота тұсында ашу – жақсылықтың нышаны. Ғ.Мүсірепов театры – қаламыздың, қаламыздың ғана емес, еліміздің маңдайалды театрларының бірі. Бағы ашылған, бақ қонған театр дер едім. Өйткені өз көрерменін, тілеулесі мен қолдаушысын тапты. Үлкен тарихы бар, Мұхтар Бақтыгереев, Әмина Өмірзақова, Қасым Жәкібаевтай тарландардың табаны тиген, маңдай тері төгілген қасиетті шаңырақ. Ол кісілердің әруағы риза шығар. Себебі, театр жылдан жылға жаңарып, түлеп келеді. Келер жылы театр 70-ке толады. Бұл үлкен мерейтой алдындағы аса жауапты, есепті маусым болғалы тұр. Жаңа басшылықпен, жаңа репертуармен ашылған театр ұжымына ынтымақ пен бірлік, творчестволық биіктік тілеймін», – деді Е.Обаев өзінің құттықтау сөзінде. 
Кешке қатысқан Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова қаланың мәдени өмірінде Ғ.Мүсірепов театрының айрықша орын алатынын жеткізді. Елін сүйетін, еңсесі биік қазақ жастарын тәрбиелеу жолында тер төгіп жүрген өнер ошағының жұмысына сәттілік тіледі. 
Жаңа маусым әдеттегідей Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуымен» ашылды. Бақытқа ұмтылған қос ғашықтың махаббат жолындағы тартысқа толы тағдырын суреттейтін сахналық туындының қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты Жанат Хаджиев. Жастық пен махаббат, сұлулық пен нәзіктік, шынайылық пен іңкәрлік, сүйіспеншілік пен адамгершілік тақырыптарынан сыр қозғап, адамдық пен адалдықты сөз етер, сертке берік екі жастың арасындағы ғашықтық жырларын шертер қойылым көрермен толы залды ұйытты, қым-қуыт тірліктен жыраққа әкетті. Актерлар қасиетті сахнаны, қадірлі көрерменді сағынып қалыпты. Құлшына, шабыттана кіріскен. 
Театрдың шығармашылық, актерлік құрамы бәз-баяғы қалпында. Есесіне, балалар мен жасөспірімдер театры жаңа маусымды жаңа басшылықпен бастады. Театр директоры қызметіне өткен маусымның соңында Сұлтан Сраилов тағайындалған болатын. Ал театрдың көркемдік жетекшілігін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер Ерлан Біләл жуырда ғана қолға алды. Ерлан Әбділдаұлынан Ғ.Мүсірепов театрының жаңа маусымдағы жоспарлары мен көрерменге ұсынар жаңалықтарын сұрадық. «Жаңа маусымның ең басты жаңалығы – театрға жаңа басшылардың келуі емес, репертуарымыздың жаңаратыны, жаңа режиссерлік шешімдердің өмірге келетіні. Балаларға арналған қойылымдарды мейлінше көбейтуді жоспарлап отырмыз. 

Анар ЛЕПЕСОВА

Серіктес жаңалықтары