Салықтық амнистия жүргізілсе...

Салықтық амнистия жүргізілсе...

Салықтық   амнистия жүргізілсе...
ашық дереккөзі
383

Өсімпұл мен айыппұлдардан босату арқылы салықтық амнистия жүргізу халықтың мерейін өсірмек.Таяуда Мәжiлiсте «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасы бiрiншi оқылымда қаралған болатын. 

Заң жобасының мақсаты – елдiң одан әрi тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн қолайлы кәсiпкерлiк орта құру және оған жағдай жасау. Шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалар үшiн әлеуметтiк салық мөлшерлемесiн 6,5%-ға төмендету ұсынылған еді. 

Бұл турасында ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң пленарлық отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушілер көлiк пен мүлiкке салынатын салықтан босатылатын болса, істі ілгерілетуге айтарлықтай сеп боламақ. «Жер учаскелерiн ұтымды пайдалану мақсатында шаруа (фермер) қожалықтарын қоршаған ортаға эмиссия төлеуден босата отырып, олар үшін бiрыңғай жер салығының мөлшерлемесi 1,5 есеге, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалар үшiн жер салығының ставкасы 5 есеге арттырылады. Салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген режимiн қолданатын шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалар үшiн еңбекақы төлеу қоры мөлшерiнде қосымша шығыстарға салық салынатын табысты азайту құқығын бере отырып, әлеуметтiк салық мөлшерлемесiн 6,5%-ға төмендету ұсынылады», ̶ дедi Ерболат Досаев мырза. 

Салық төлеушілердің жеке шоттарында есепте тұрған және 2014 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдардың сомаларын есептен шығару, өсімпұл мен айыппұлдардан босату арқылы салықтық амнистия жүргізу ұсынысы біршама түйткілдерді шешуге ықпал етпек. Мәжiлiс салық салу мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Салық саясаты бөлiгiнде салықтық жеңiлдiктiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында оларға ревизия жүргiзіледі. Бұған қоса, заң жобасына бірқатар нормаларды енгiзу көзделген. Мәселен, ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiн қолдануға ынталандыру мақсатында салық салынатын кiрiстi азайту құқығын кеңейту мен ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаев бекiткен Көлiк жүйесiнiң инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейiнгi мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес қайта ұйымдастырылған заңды тұлғада туындаған шығындарды ауыстыру тәртiбiн регламенттеу, салықтық рақымшылық жүргiзу, SIM-карталары бар бақылау-кассалық машиналарды мiндеттi түрде қолдану және барлық ҚҚС-ты төлеушiлер үшiн электронды шот-фактураларды енгiзу. Қабылданған заң жобасы салық нормаларын қолдану кезiнде туындайтын келелі мәселелердің алдын алумен қатар, елдегi бизнес ахуалды жақсартуға мүмкiндiк бермек.

Еркежан ЖҰМАТАЙ


Серіктес жаңалықтары