ЖАСАМПАЗДЫҚ КЕРУЕНІ КЕРЕКУГЕ КЕЛДІ
ЖАСАМПАЗДЫҚ КЕРУЕНІ КЕРЕКУГЕ КЕЛДІ
Павлодар облысы «Менің елім – Мәңгілік ел» экспедициясын бұлтты аспан, жұлқына соққан желмен қарсы алды, күн сәулесі бұлттарға басын тыға жасырынды, сондықтан Баянауылға жоспарланған сапардан бас тартуға тура келді. Оның үстіне, рауандап атып келе жатқан таңды қарсы алудың өзі бір ғанибет еді – бұлтсыз ашық көкжиекте көлеңкеде тығылып тұрған үйлердің арасынан нұр шашып қып-қызыл күн шығып келе жатты. Дәп бір «Номад» автокеруені өзімен ала келген Маңғыстау дерсің.18-21 қазан 2014 ж.
Экспедиция күнделігі.
Павлодар – Ақсу
19 қазанды экспедиция мүшелері Ақсу темір қорыту зауыты еңбекшілері және жұмысшы жастармен тілдесуден бастады, олар – АЗA және ЕЭК АҚ жұмысшы жастар Кеңесінің өкілдері, Жаяу Мұса атындағы және Қара металлургия колледжінің студенттері.
Аралап шығу үшін №2 және №6 балқыту цехтары таңдап алынды, онда зауыттағы ең үлкен пеш орнатылған. АЗФ өндірістік-техникалық басқармасының басшысы Александр Родыгиннің айтуынша, зауытта үнемі жаңарту жүргізіледі, №6 цехты қайта жаңарту жөнінде топ құрылды, оның қуаттылығын 40%-ға ұлғайту жоспарланып отыр.
Дайын шикізат тиейтін жабдықтар қойылған алаңда келушілерді Жұмысшы жастар кеңесінің төрағасы Никита Цыбенко мен Қара металлургия колледжінің директоры Ренат Құсайынұлы Дүйсекенов әңгімеге тартты.
Ақсу қаласының символдық нышанын әкімнің орынбасары Светлана Анатольевна Гладышева экспедицияға қатысушыларға тапсырды:
– Құрметті «Менің елім – Мәңгілік ел» республикалық экспедициясына қатысушылар, қаламыздың қонақтары, кездесуге қатысушылар! Ақсу аймағы тұрғындары атынан сіздерді құттықтап, экспедиция жұмысының сәтті өтуіне тілектестік білдіруге рұқсат етіңіздер!
Біз бүгін Ақсу темір қорыту зауытының аумағында тұрмыз, бұл – Павлодар облысындағы ірі кәсіпорындардың бірі, онда 6 000-нан астам адам жұмыс істейді. Ақсу қаласы көбіне зауыт мамандарын өз бетінше дайындайды, «Қазақстанның әлеуметтік жаңаруы – Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» бағдарламалық мақаласында еліміз Президенті біздің қоғамның дамуы үшін жасалатын нақты істерге тоқталды және бұл мәселелердің орындалуы үшін айқын тапсырмалар берді. Ары қарайғы дамудың қазақстандық үлгісі ретінде Мемлекет басшысы Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясын ұсынды. Шындығында да, еңбексүйгіштік, еңбектің жоғары өнімділігі және кәсіби тұрғыда өсу мүмкіндігінсіз жаңа формациядағы азаматтың білімін сөз ету мүмкін емес. Міне, сондықтан да, қойылған мәселеге орай, біз еңбек шешуші фактор болып табылатынын және жастарды оқыту мен тәрбиелеуде алдыңғы жоспарға шығатынын баса айтамыз. Бүгін бізге кәсіби-техникалық жүйені қайта жаңғырту керек және жоғары жалақылы жұмыс мамандығын алу жастар арасында танымал да сәнге айналуы үшін шаралар қолдануымыз қажет.
Темір қорыту зауытын аралаған соң, экспедицияға қатысушылар автолекпен Ақсу көшелерімен жүріп өтті және қаладағы үш мейрамхананың бірінде түстік астарын ішті.
Кешке Павлодарда түсірілім тобы мен экспедиция журналисін Ертіс өзеніне серуендеуге шақырды. Моторлы қайықтың екпінінен шашыраған суық су тамшылары, төмен ұшқан шағалалар, жағалау мен Благовещенский соборға қараған көрініс, балықшылар, батып бара жатқан күннің алтын жолағы – мұның бәрі Ертістің шексіз кеңістігіне сүйсінген қонақтарды ерекше әсерге бөледі.
Ал осы жерде дүниеге келген бақытты жандар – павлодарлық ғашықтар – Сәтбаев көшесін жерасты жолы арқылы қиып өтіп, «градусникке» трамвай арқылы кездесуге келеді. Бұл орындар павлодарлықтарға әбден таныс. Павлодардағы трамвайлар – ең кең тараған әрі танымал көлік түрі, жол жүру ақысы – 55 теңге. Ал Кривенко мен Естай көшелерінің арасындағы жерасты жолы Сәтбаев көшесін қиып өтеді, бұл жерге өнер жауһары орналасқан дерсің – ондағы қабырғаларға ғарыштық көріністер салынған, ал параллельді дәлізде метро пойызын күтушілер, танымал фильмдердің кейіпкерлері, эстрада әртістері мен саясаткерлер бейнеленген. «Градусник» кездесуге қолайлы жерде орналасқан – бұл жерден Ертіс жағалауына дейін жап-жақын. Және бұл көрініс Павлодар жағалауында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде «Менің елім – Мәңгілік ел» экспедициясы бастау алған Ақтаумен жақындастыра түседі.
Әр аймақтағы жарқын сәттердің бірі қала көшелеріндегі автошеру деп айтуға болады, бұл кезде экспедицияға қатысушыларды қалалықтар қарсы алып, жылы лебіз бен тілектерін жаудырады. Павлодардағы автошеру бұрынғылардан өзгеше болды – мұнда ол ақынның жыр-шашуы мен «Лига женщин-мусульманок» және «Славянский центр» өкілдерінің нан мен тұз ұсынуынан басталды. Естай атындағы Мәдениет сарайына жиналғандар алдында экспедиция жетекшісі Евгений Рибалко, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыстық басқарма басшысы Наталья Владимировна Нефедова сөз сөйледі. Салтанатты кездесу ұлттық бимен аяқталды, бұдан соң эстафета картасындағы қала санын символмен көрсететін 16 көліктен тұратын экспедиция автолегі Павлодар көшесімен жүріп өтті.
«Менің елім – Мәңгілік ел» экспедициясын Жастарға қызмет көрсету орталығында жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері, Жас ғалымдар кеңесінің, Жұмысшы жастар кеңесінің және қоғамдық жастар бірлестіктерінің өкілдері қарсы алды. Экспедиция жетекшісі Евгений Рибалко Павлодар облысының эмблемасын аймақ әкімінің орынбасары Орсариев Арын Амангелдіұлына екінші экипаж көлігіне орналастыру үшін тапсырды.
Павлодар облысының елтаңбасындағы тау мен арқар суреті жоғары ой-ниетке, жаңа жетістіктерге деген ұмтылысты бейнелейді. Чалдай тамаша ормандары мен Баянаула таулары бар Павлодар облысы Қазақстан Республикасындағы ірі өнеркәсіп аймағы болып табылады.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Орсариев Арын Амангелдіұлы құттықтау сөз сөйледі:
– Біздің орталықтың барлық қабаттарындағы құрметті адамдар, келген адамдар – бұлардың бәрі Қазақстанның барлық түкпірінде халықтың бірлігі, жастар бірлігі мәселесі жолға қойылғанын айғақтайды, біз қанша әртүрлі болсақ та, Қазақстанның қай жерінде тұрсақ та: Маңғыстау ма, Атырау ма, Орал ма, Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Көкшетау, Қарағанды ма, бүгін, міне, Павлодар – біз бәріміз Қазақстанның біртұтас халқымыз деп айтамыз, шыққан тегімізге, этникалық сипатымызға, қандай дінді ұстанатынымызға, әйел ме, еркек пе – оған да қарамастан, біз бәріміз Қазақстанның патриоты болып саналамыз. Біз – бір ел, бір халықпыз. Қазір аталған акция әрі қарай жалғасуда, бізден кейін олар Шығыс Қазақстанға, сосын Алматы облысына, Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда және ақырындап Ақтауға оралады, акция Астанада аяқталады. Біз бүгін осында келушілер мен осы акция жолымен одан ары сапарын жалғастыратындар біздің павлодарлық жастардың өздеріне деген жылы көңілін, жақсы қарым-қатынасын сезінсе дейміз. Мен барлықтарыңыздан бірнеше секундқа Қазақстанды қалай қатты сүйетінімізді және бағалайтынымызды, акцияны қолдайтынымызды көрсетуді өтінемін! Қолдаймыз ба?
– (хормен) – Ия!
– Сіздердің осы бір қазіргі сәттегі жақсы да жылы қарым-қатынасты барған жақтарыңызға жеткізулеріңізді қалаймын. Жалпы, Қазақстан бойынша Павлодар облысы – тұрғындардың 5%-ын және өнеркәсіптік өнімнің 7%-ын құрайды. Қазақстанда пайдаланылатын 5 тонна көмірдің әрбір 3-еуі осында өндіріледі. Қазақстандағы бес көліктің екеуі біз өндірген жанармаймен жүреді. Қазақстандағы бес шамның екеуі Павлодар облысында өндірілген электр энергиясымен жанады. Жалпы, біздің бүкіл үлесіміз кез келген патриоттық істі қуана қолдайды. Біз Қазақстан біздің ортақ отанымыз дейміз, біз оның гүлденуі үшін бірлесе жұмыс істейміз және сіздердің әрі қарай жолды жалғастыра отырып, барған жерлеріңізге тұрақтылықты және адамдардың бір-бірімен сөйлесіп, танысуын өте қатты қолдайтын Павлодардан сәлем жолдауларыңызды қалаймыз. Біздің аймағымыздан шешуші көлік бағыттары: Орталық Азия – Ресей, Қытай – Қазақстан – Ресей бағыттары өтеді. Ресейді Қазақстанның оңтүстігімен және орталығымен байланыстыратын теміржолдар осында. Облыста елдің оңтүстігі Шымкентке қарай ірі қазақстандық мұнай құбыры, сондай- ақ Ертіс-Қарағанды су арнасы бастау алды. Біздің су қантамырымыз болып табылатын Ертіс Қазақстанның бүкіл солтүстік- шығыс аймағын – Қарағанды, Павлодар және шығыстың өнеркәсібін суландырады. Электр энергиясын тасымалдау арқасында біз достарымыз – ресейліктерді Омбы облысы, Алтай өлкесі арқылы Курган облысына дейін электр энергиясымен қамтамасыз етеміз. Павлодар облысының әлеуеті өте жоғары, біз Қазақстанның барлық өңірінің гүлденуін қалаймыз. Жалпықазақстандық қорға қосқан біздің үлесіміз – бұл ғалымдар: академик Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Ермахан Бекмаханов және басқалар, жазушылар: Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмут Торайғыров, Павел Васильев, Всеволод Иванов. Біздің әртістердің аты елімізден тыс жерлерге де танымал: Шахимардан Әбілов, Мария Мудряк, спортшылар Дәулет Шабанбай, Людмила Прокашева, Светлана Ампичева, Ольга Сафронова.
Қазақстан жастары – қоғамның ең тез әрекет жасаушы бөлігі, оның шынайы ресурсы, сондықтан бүгін мұнда жастар жиналып отыр және сіздер арқылы бүкіл Қазақстанға әртүрлі ұлттан, әртүрлі діннен, әртүрлі жыныстан, немесе біреу көзілдірік тағады, біреу тақпайды деген сияқты мәселелерге қарамастан, біздің бәріміз біртұтас азаматтар екенімізді, қазақстандық азаматтығы бардың бәрінің біздің бауырларымыз екенін және бір-бірімізді қолдайтынымызды көрсеткісі келеді. Сондықтан жолдарыңызға сәттілік тілейміз, бізге келгендеріңіз үшін қуаныштымыз. Ал біз тағы да бір рет сіздердің акцияларыңызға қосыламыз, сіздермен біргеміз!
Экспедиция этнографтары Қазақстанның тарихи және табиғи айрықша ескерткіштері туралы бейнефильмді таныстырып жатқанда, Тілек кітабына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Жастар бастамаларын дамыту орталығының бөлім жетекшісі Еркебұлан Күнтуған мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Жастар бірлестіктері Үйлестіру кеңесінің төрағасы Элина Паули өз жазбаларын қалдырды.
Іс-шараны Сон Паскальдің концерті аяқтады – жиналған жастармен дәстүрлі түрдегі «селфи», Паскальдің қазақ тілінде шырқаған әндері.
Сондай-ақ 20 қазанда сағат 17:00-де экспедицияға қатысушылардың көшпелі баспасөз брифингі өтті, топ жетекшісі Евгений Рибалко, блогер Бақтыбай Жайлау, этнограф Марат Өтесінов, Павлодар облысының өкілдері – ПО «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары, жоғарыда аталған Еркебұлан Күнтуған мен Элина Паули қатысқан брифингте сөйлеген сөздерден үзінді:
«Бiр Ел, бiр Тағдыр, бiр Тiл, бiр Елбасы» – дегендей, қайда болса да бiз болашаққа сенiммен қараймыз!»
Экспедицияға қатысушылар Павлодар аймағы журналистерінің сұрақтарына Хабар және 24.kz телеарналарының тікелей эфирінде жауап берді.
Павлодарда өткен күндерінің ең жылы естеліктерін көңілдерінде сақтаған экспедиция 21 қазан күні таңертең Семейге бағыт алды.
Жанатбек Құлшағылов