ҚЫМБАТ НӨМЕРЛЕРДІ САТУДАН 6,5 МЛН ТЕҢГЕ ПАЙДА ТҮСТІ

ҚЫМБАТ НӨМЕРЛЕРДІ САТУДАН 6,5 МЛН ТЕҢГЕ ПАЙДА ТҮСТІ

ҚЫМБАТ НӨМЕРЛЕРДІ САТУДАН  6,5 МЛН ТЕҢГЕ ПАЙДА ТҮСТІ
ашық дереккөзі
212

Біркелкі сандар сатылымының алғашқы күнінде алматылықтар 18 дана «әдемі» мемлекеттік автокөлік нөмір иелері атанды. Бұл ақпарат Алматы ІІД брифингі барысында анықталды. 20 қазан күні Қазақстанда «әдемі» нөмірлердің сатылымы басталған болатын. Бір ғана Алматының өзінде бір күн ішінде нөмірлерді сатудан түскен пайда 6,5 млн теңгені құрады. Алматылықтар барлығы 18 «әдемі» мемлекеттік нөмір сатып алды. 

Алматы ІІД-дан атап өткендей, нөмірлерді сату саны бойынша шектеу болған жоқ. Егер нөмір бітіп бара жатса, әрбір адам кезекті серияға өтінім рәсімдей алады. Айта кетсек, алматылықтар арасында 001, 007 және 777 нөмірлері үлкен сұранысқа ие болып шыққан.Мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін (МТНБ) сатып алу Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы рәсімделеді, ал Алматының ішкі істер департаменті нөмірлерді тек тіркеумен айналысады. «Біз нөмір белгілерінің тізімін ХҚКО қызметкерлеріне береміз, олар бос нөмірлердің тізімін іледі. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері техникалық паспорттарды тапсырады», – деді тіркеу-экзаменациялық жұмыс бөлімінің басшысы Жандулла Шайхиев. Оның айтуынша, ең қымбат нөмірлер  422 280 теңге тұрады, негізінен бұлар 001-ден 009-ға дейінгі және 777 белгілері. 100, 101, 200, 222, 333, 400, 555, 666, 888, 900 және 999 белгілері 253 587 теңгеден сатылады.  Сандарға қызығушылық арттыруда басқаларды жолда қалдырған Алматылықтардың бұл саудада біраз қалтасы қағылды.

Серіктес жаңалықтары