БОЯУҒА АҚША АЯМАҒАН...
БОЯУҒА АҚША АЯМАҒАН...
Естімеген елде көп. Ел қаржысын бояуға жаратқан Жапонияның экономика,
сауда және өнеркәсіп министрі Юко Обути отставкаға кетті, деп хабарлайды BBC
News. Осыған қатысты өтінішін ол 30 минутқа созылған кездесуі барысында ел
премьер-министрі Синдзо Абэге қалдырып кеткен. Құжатқа қол қойылды, деп жазады
Лента.ру. Ең қызығы, Обутиге сеніп тапсырылған қаржыны саясатпен еш қатысы жоқ
мақсаттарға, оның ішінде макияжға жұмсады деген айып тағылып отыр. Мәселен,
Reuters мәліметтеріне сәйкес, 2009 бен 2011 жылдар аралығында министрді
қолдайтын қос қор 43 миллион иенді (шамамен 84 млн теңге) Обутидің сайлаушылары
мен жақтастарына түрлі театрланған қойылымдар ұйымдастыру үшін жұмсалыпты. Келесі
қор 3,8 миллион иенді (7,5 млн теңгені) Обутидің туыстарына тиесілі дүкендерден
түрлі тауарлар алуға бағытталған. ТАСС-тың хабарлауынша, бірінші жағдай
сайлаушыларды сатып алу деп бағаланса, екінші жағдай – заңға қайшы келу және
саяси қызметін жүзеге асыру үшін берілген қаражатты мақсатсыз жұмсау.40 жастағы Обути қыркүйек айының
басында гендерлік тепе-теңдік ұранымен құрамы жаңарған Жапонияның министрлер
кабинетіндегі бес әйелдің бірі еді. Енді оның осыншалықты шумен қызметін
босатуы мансабына үлкен көлеңке түсіруі мүмкін, деген пікірде сарапшылар.