Оймақтай ой! Қазақтың үйін неге күрей береміз?

Оймақтай ой! Қазақтың үйін неге күрей береміз?

Оймақтай ой! Қазақтың үйін неге күрей береміз?
ашық дереккөзі
456

Әмірболат
Құсайынұлы

 

Қазір
“сәнге” айналған рейдерствоның бір түрі ол – заңсыз жер деген
желеумен баспанаңды қиратып, кең байтақ қазақстаннан әрең дегенде бұйырған 8
соттық жеріңді тартып алу. Жер мемлекеттікі дейді, сонда ол жерде отырған
адамдар мемлекеттікі, мемлекеттің меншігі емес пе?! Әр қазақтың үйінде кемінде
4 бала, оларға кемпір-шалды қоса есептесеңіз, Қояндыда қиратылып жатқан 65 үйде
орташа алғанда 400-дің ар жақ, бер жағында халық бар. Сонда ол адамдар
мемлекеттің басты құндылығы, байлығы емес пе?! Жылаған бала ертеңгі елдің
болашағы емес пе? Әлде қазақтың болашағы Кулагин бе? Ертең ел басына күн туса
өсіп келе жатқан жүздеген бала қорғай ма, әле Кулагин қарсы шыға ма жауға?!
Екіншісінің ел қорғайды дегеніне күмәнім бар????? Заңсыз басып алған дейді,
пішту. Тапқан сылтаулары. Бала-шағасымен қаншама жыл жыл жүріп, жыл сайын бір
қабырғасын көтеріп үй салып жатқанда ол жерлерді шынымен заңсыз басып алса, сол
кезде әкімдіктегілер қайда қарған?! Он жыл көрмей, үйі енді бітті дегенде,
денсаулығын, жүйкесін құртып енді ғана тыныш отыра бергенде шенділер жетіп
келеді де, ол жер “біздікі”, босат дейді. Бірақ Кулагиннің қулығын
айтам да. Бұрын иен дала болған жердің құны қазір көтерілді. Сегіз соттық
жердің құны қазір кемінде 2 миллион теңге. Кезінде қамыс, шөп басқан қараусыз жерді
елдің өзі жиналып елді-мекенге айналдырды. Құнын көтерді. Олар биліктен жұмыс,
нан сұрап отырған жоқ. Үй сұрап отырған жоқ. Соның өзіне рахмет деп билік
қуанбай ма, тәубе демей ме. Анаған қосылып, соның жандайшабы болған қазақтарды
айтам да. Әй қойшы, кезінде алаштың азаматтарын да осы сияқты сатқын қазақтар
ұстап берген ғой. Айттың не, айтпадың не…. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа
болмаған соң білгендерін істейді де …

Серіктес жаңалықтары