ҚОҒАМНЫҢ СИПАТЫ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНАН КӨРІНЕР

ҚОҒАМНЫҢ СИПАТЫ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНАН КӨРІНЕР

ҚОҒАМНЫҢ СИПАТЫ  ЖУРНАЛИСТИКАСЫНАН КӨРІНЕР
ашық дереккөзі
461

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық уни­верситетінде «Қазақ­стан-2050» стратегиясы аясын­да журналистік білім берудің бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-теориялық кон­ферен­­ция өтті. ҚР Білім және ғылым министрлігімен бір­ге ұйымдастырылған кон­фе­ренцияда жергілікті ғалымдармен бірге Түркия, Ресей, Қырғызстаннан және Франция­дан келген сарапшылар баяндама жасады. Конференцияны ұйымдастыруға ұйытқы болған журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ: «Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – журналистика ғылымын дамыту туралы пікір алмасу», – деді. 

Парижден арнайы келген Татьяна Лебедева геобрендинг жайлы көңілге қонымды пікір айтты. PR бойынша Еуропалық институттың халықаралық бағдарламалар директоры ұлттық даму стратегиясында аймақтық брендтің маңызы туралы баяндама жасады. Ол: «Қазақстан үшін қауіп көп. Өйткені жерлеріңіз үлкен, қазба байлықтарына бай. Сондықтан да сіздер аймақтық бренд туралы жақсылап ойласуларыңыз керек»,– деді. Қазір Францияда мемлекет брендінің бағасын анықтау жұмысы жүріп атқанын хабарлады.

Украина Республикасы Елшілігінің кеңесшісі Петр Токарь өз сөзінде «2050 стратегиясы Қазақстан үшін ғана емес, барша әлем үшін маңызды құжат, себебі бұл құжат осындай үлкен мемлекеттің болашағына көз жүгіртуге мүмкіндік береді»,– деп атап көрсетті.

Журналистика және саясаттану факультетінің ашылғанына небары төрт жыл ғана болса да, осы уақыт ішінде журналистика ғылымының ордасына айналуға әбден лайық екенін көрсетті. Қазірдің өзінде факультет алыс-жақын шетелдердегі оғары оқу орындарымен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатып үлгерді. 

Конференция соңынан «Алаш мұрасы» және «Алаш көсемсөз: жер мәселесі» атты кітптардың тұсаукесері болды.

Г.ЖЕҢІСБЕКҚЫЗЫ

Астана

Серіктес жаңалықтары