457
ҚАҒБАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗЫҚТЫ ЖАЙТТАР
ҚАҒБАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗЫҚТЫ ЖАЙТТАР
Әлемде миллиондаған адамдарға Меккеден артық мәртебелі, қасиетті жер жоқ. Объективті көзбен қарасақ, Хиджаз алқабы жер бетіндегі ең танымал мекен болып табылады.
Мыңдаған адамдар Қағбаны жиырма төрт сағат бойы айналып шығады. Қасиетті Қағбаның суретімен миллиондаған үйлер әшекейленіп, күніне бес рет миллиардтаған адамдар оны тамашалайды. Бұл ғимарат адамзат тарихындағы ең танымал жерлердің біріне орналасқан.Қағба бірнеше рет
қайта тұрғызылған
Бүгінгі таңда көріп жүрген Қағба Ибрахим (а.с.) мен Исмайыл (а.с.) пайғамбарлар салған ғимаратқа мүлдем ұқсамайды. Уақыт өте келе табиғи және техникалық апаттарға байланысты ол қайта салуды қажет етіп тұрды. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) заманында оған пайғамбарлық міндеті келмей тұрып Қағбаның салынғаны белгілі. Бұл пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Қара Тастың астына мата қойып, сол арқылы әр тайпаның көсемі көтере алатындай етіп ұсыныс жасап, үлкен қантөгісті болдыртпаған оқиғасымен дәлме-дәл келеді. Сол кезден бастап күрделі құрылыс жұмыстары бірнеше жүз жылда бір рет өткізілетін болды. Соңғы құрылыс 1996 жылы жүргізілді, үлкен жұмыстар атқарылды: тастары, шатыры ауыстырылып, іргетасы бекітілді.
Алғаш Қағбаның кіруге және шығуға арналған екі есігі, сонымен қоса терезесі бар еді. Қазіргі Қағба терезесіз, тек бір есігі бар.
Алтын өрнектермен әшекейленген қара түсті Қағбаға көзіміз әбден үйренген, оны басқа түсте елестетуіміз қиын. Дегенмен оны қара түспен жабу дәстүрі Аббасидтер кезінде орын алды. Оған дейін Қағба әр түрлі түсті еді, соның ішінде жасыл, қызыл және ақ түсті болатын.
Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманында қажылықтың әр рәсімі құрайыштықтардың белгілі бір топтарына бекітілген қол астында болатын. Мекке алынғаннан кейін Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаның кілтін өзіне алып қалудың орнына Бани Шаиба әулетінен шыққан Осман ибн Талхаға ұсынады. Бұл әулет сандаған ғасырлар бойы Қағбаның қорғаушысы болып келеді, пайғамбардың өзі кілтті ұсынған кезде: «Уа, Бани Талха, бұны ал, әділетсіз, зұлым басшы келмесе, Қиямет күнге дейін сендер оны иелік етесіңдер»,– деу арқылы өзі Қағба кілтінің иесін тағайындап кеткен іспетті.
Қазіргі күнге дейін халифтар, сұлтандар мен патшалар сияқты жоғары лауазымды тұлғалар пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөздеріне бойсұнып, Қағбаға кіру үшін бұл кішкентай меккелік жанұядан рұқсат сұрайды. Бұрын барлық қалаған адамдар аптасына екі рет Қағбаның ішіне кіріп, намаз оқуларына мүмкіндіктері бар еді. Алайда қажылыққа барушылардың санының өсуіне және басқа да факторларға байланысты, қазір оның есігі жылына екі рет жоғары лауазымды тұлғалар мен ерекше қонақтар үшін ғана ашылады.
Қағба алқаптың төменгі жағында орналасқандықтан жаңбыр кезінде жиі су басып кететін еді. Су құбырлары жүйесі ретке келтірілгенге дейін Меккеде су тасқындары жиі орын алатын құбылыс болатын. Тіпті, бірнеше күндер бойы Қағба жартылай суға батып тұрған кездер де болған. Әрине, бұл жағдай оны тәуәп етуге ниеттенген қажылық етушілерді еш тоқтатпады. Олар не істеді? Олар құлшылық етіп, Қағбаның айналасында жүзіп жүрді. Заманауи құрылғы мен технологиялар бұл мәселені шешуге көмектесті, мұндай құбылысты енді қайта көруіміз екіталай.
Ұзақ уақыт бойы көптеген адамдар Қағбаның ішкі көрінісін көруге қызығушылық білдіретін еді. Ішінде болған адамдардың сипаттамаларының рас-өтірігі белгісіз. Бұл бір бауырымыз Қағбаның ішіне бейнетаспамен кіруге қол жеткізгенге дейін орын алды. Таспаның сапасы нашар болғанына қарамастан әлем халқы Қағбаның ішін көруге мүмкіндік алды. Қазіргі таңда Қағба іш жағынан мәрмәрмен, жоғарғы қабырғалары жасыл шұғамен қапталған. Тақтайшаларда барлық ел билеген басшылар мен оның қайта тұрғызылуына атсалысқан тұлғалардың есімдері жазылған.
Қағбаның дәл төбесінде, аспанда оның көшірмесі бар. Ол Құранда айтылған және Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) растаған. Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Миғраж сапарын баяндаған кезде былай деген: « … Одан кейін маған әл-Бәйт уль-Маъмур (Алланың Үйі) көрсетілді. Мен Жәбірейілден «Бұл не?» – деп сұрағанымда, ол: «Бұл әл-Бәйт уль-Маъмур. Күніне жетпіс мың періште бұл жерде құлшылық жасайды, олар екінші қайта келмейді. Олардың орнына басқа періштелер келеді, солай күнде жалғаса береді».
Қазіргі таңда біз Қара Тасты үйреншікті күміс жиектемеде көріп үйренген едік. Алайда ол бұрын мұндай емес еді. Меккені Абдулла ибн Зүбәйр басқарған уақытта омейядтықтар шабуылынан бұл тас жарылған деген пікір бар. Алайда ең кең жайылған пікір Бахрейннен шыққан исмаилиттер тобымен байланысты. Бұл топ өкілдері Қажылықты «діни ырымшылдық» деп айыптады. Олар Меккеге шабуыл жасап, мыңдаған қажыларды өлтіріп, денелерін зәм-зәм құдығына лақтырып кеткен еді.
Қара Тасты ұрлап, басында Шығыс Арабияға, кейін Куфа мен Иракқа әкетеді. Біраз уақыт өткен соң, Аббасид халифының үлкен құн төлеуімен қайтарылғанға дейін сол қалада болатын. Меккеге қайтарылған Қара Тас кішкентай бөліктерге бөлініп қалған болады. Оны жинаудың жалғыз әдісі –жиектеме салу еді. Әуелде, Қағба жартылай дөңгелек пішінде болған еді, оның қалдығы қазір Исмайылдың Хиджры деп аталады. Алла елшісіне (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлық міндеті келмей тұрып, құрайыштықтар Қағбаны қайта тұрғызу жұмыстарына тек адал табыс көзінен түскен ақшаны пайдаланғысы келді. Басқа сөзбен айтқанда, қайта тұрғызу жұмыстарына құмар ойындардан, жезөкшеліктен, ұрлықтан, ысырыпшылдықтан түскен ақшалар қолданбау керек болды. Алайда надан құрайыштықтардың күнәға батқандары соншалық, аса бай сауда-саттық қаласында «таза» ақша табыла қоймады. Олар Қағбаның кішкентай көрінісін тұрғызып, бастапқы кейпін көрсету үшін балшықтан қабырға салды. Бұл Исмайылдың (а.с.) Хиджры деп аталады. Өмірінің соңына қарай пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаны бастапқы кейпіндей етіп өзгерткісі келген еді, бірақ үлгермей өмірден озды. Абдулла ибн Зүбәйр кезіндегі қысқа уақытты есептемегенде, Қағба пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оны соңғы рет көрген көріністе тұр.
Қағбаның тарихы өткенді еске алатын жәй ғана әңгіме емес. Ол жер бетіндегі мұсылмандардың ортақ рәмізі. Ол бізді өткенмен байланыстырып, болашақ мақсатымызды еске салады.
Бақтияр МҮСІЛІМ
Алматы