ТІЛ БІЛУ – МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

ТІЛ БІЛУ – МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

ТІЛ БІЛУ – МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ
ашық дереккөзі
229

Тілдер мерекесі қарсаңында «Тілдер шеруі» бір айлық аудандық бағдарламасы негізінде МКҚК «Тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді білу – менің міндетім» атты байқау болып өтті. Аталмыш байқауға аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Әр мекеме мен ұйымдарға алдын ала байқауға қатысуға арнайы шақыртулар жіберілген болатын. Бұл шараның алға қойған мақсаты  ̶ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту, тілдік мәдениеттің қалыптасуына ықпал ету. Сонымен қатар, ағылшын тілін меңгерудің маңыздылығын да басшылыққа алған. Байқау «Таныстыру», «Көңілді қойылымдар», «Диалог», «Дубляждау», «Слоган» сияқты бес бөлімнен тұрды. Байқауға Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы сотының қызметкерлерінен құрылған «Жеті жарғы» тобы, сондай-ақ білім бөлімінің «The best dostar» тобы, жұмыспен қамту орталығы мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен құралған «Екі дос» тобы қатысты. Байқауға қатысушылардың барлығы тыңғылықты дайындалғанын аңғаруға болады. Ұлттық нақыштағы киінген белсенді қатысушылар көрермен көзайымына айналып, шараның сәнін келтірді. Байқаудың негізгі шарттарына тіл білу, тапсырмаларды дұрыс орындау, белсенді болу, жылдамдылық пен тапқырлық талап етілді. Байқауға төрелік еткен әділқазылар алқасы қатарында тілдерді оқыту орталығының директоры Г.А. Рамазанова, мәдениет және тілдерді дамыту орталығының жетекшісі Э.М. Ал­­­­тынбекова, білім бөлімінің бас маманы М.Б. Сар­­­сембина болды. Байқаудың қорытындысы бой­ынша бірінші орынды «The best dostar» то­бы иеленді. Әр қатысушыға арнайы мақтау қағаз­д­ары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

И.А. Беккер,

Тілдерді дамыту орталығының 

ағылшын тілі оқытушысы 

Серіктес жаңалықтары