Кедендік одақ кімнің мүддесін қорғауы тиіс?

Кедендік одақ кімнің мүддесін қорғауы тиіс?

Кедендік одақ кімнің мүддесін қорғауы тиіс?
ашық дереккөзі
188

Кәсіпкерлер қаракетін қолдап, қолтығынан демеу күн тәртібіне енген. Әсіресе Кедендік одақ аясында кәсіпкерлердің мүддесін қорғап, қол ұшын беру қажет-ақ. Ал кәсіпкерлер бір-бірінің нәпақасына қол сұқса, қайтпек керек? Кедендік одақ кеңістігінде жұмыс істеп, тараптардың
барлығының тең құқық сақтай отырып, еркін экономикалық айналым жасауға
бағытталған құжаттардың бірнеше жыл дайындалғаны белгілі. Әйтсе де одақ
аумағындағы кәсіпкерлер қатынасы мен сауда-саттықта түсініксіз жайттар өп.
Оларға жауап беріп, әділін айту да қиын. Жуырда көлік кәсібіне қатысты өткен
сот процесі бірнеше келеңсіз тұстарды ашып бергендей болды. Еркін
бәсекелестікті шектеу фактілері тіркелді дейді Қазақстан тәуелсіз Автобизнес
одағы. Нақтырақ айтсақ, “Nissan” компаниясы “Carlux
company” ЖШС-нің  тәуелсіз дилері
үстінен сотқа шағым-арыз түсірген. Себебі сотқа тартылған компания Ресейде
құрастырылған “Ниссан” маркалы автокөліктерді Ресейден Қазақстан
аумағына тасымалдап, сата бастаған.

  Шағым
түскен Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты №  2-6492/2014 істі қарады.  Ж.Е.Есембаева 
төрағалық еткен сот шешімі бойынша (2014 жылғы 4 тамыз)  шешімі оның арыз берушінің арызы
қанағаттандырылған. Алайда бұл заңсыз әрекет дейді Автобизнес одағы өкілдері. Сот
шешіміне орай “Carlux company” ЖШС-не Ресейден ҚР аумағына заңды
түрде әкелінген  (Кеден одағы шеңберінде)
“Nissan” маркілі көліктерді әкелуге, сақтауға, сатуға ұсынуға, сатуға
тыйым салынған. РФ аумағында азаматтық айналымға  енген “Ниссан мотор Рус”  ресми дистрибьютор  арқылы енгізілген көліктер Қазақстан
территориясына”Регинас” ААҚ ресми дилері арқылы сатылған. Ал
Автобизнес одағының пайымдауынша, сот шешімін заңсыз деуге болады. Қазақстан
тәуелсіз Автобизнес одағы басқармасының төрағасы Ким Павел: “Өкінішке
орай Қазақстанда осы кезге дейін көптеген соттардың  өз шешімдерін шығару  кезінде патент және авторлық құқықтардың
мәнін соңына дейін түсінбейтіндігін, зияткерлік меншіктің ерекше мәселелері
бойынша сараптама жүргізбейтіндігін мойындауымыз керек. “Carlux
Company” қатысты жағдайға келер болсақ, 
Қазақстан мүше болған  Кеден одағы
шеңберіндегі  халықаралық келісімшарт
нормаларын судьяның  мүлдем
мойындамау  фактісі  наразылығымызды  туғызып отыр”, – деді.

Бұл дерек еліміздегі кәсіпкер
құқының шектелуін байқатқандай. Өйткені одақ аясында қандай да бір тауарды
тасымалдап, еркін сауда айналымына салуға шектеу қойылмаған. 

Серіктес жаңалықтары