Үлескер ақшасына үй салуға бола ма?

Үлескер ақшасына үй салуға бола ма?

Үлескер ақшасына үй салуға бола ма?
ашық дереккөзі
185

2000 жылдары басталған құрылыс дүрбелеңі талай үлескерді үйсіз қалдырды.
Құрылысқа құйған қаржысы далаға ұшты. Үлескерден үлес алып, бір жылда үй
тұрғызып беремін деген алаяқ компаниялар, қаржыны жиып алып, ғайып болды. Баспаналы
болу бір жыл емес, бірнеше жылға созылғаны белгілі. Бұл бейберекетсіздік ті
тоқтату мақсатында банкротқа ұшыраған құрылыс компанияларына бюджеттен ақша
беріліп, алданған халықты баспанаға жеткізгені есте. Міне, содан бері үлескерлер
қаржысын құрылысқа пайдаланбау туралы заң жобасы қарастырылған болатын. Бірақ
ол заңды күшіне енбегендіктен, елдің ақшасын жеу  әлі де тыйылар емес.

Бұл процес тіпті оңай олжаға айналған да сияқты. Үлескерден инвестиция
жинаудың қитұрқысы көп. Мұнымен арнайы “құрылыс кооперативтері”
айналысады.  Жылжымайтын мүлік
агенттігінің сарапшысы Қайрат Исекеев тұрғын үй кооперативтерінің атына заты
сай емес  екенін ашып айтты. Қазіргі таңда бір ғана Астана
қаласында 40 шақты компания осы іспен, яғни “инвестиция құюмен”
шұғылданады.

Қайрат Исекеев, сарапшы: Құрылыс
компаниялары пәтерлерді сатудың жаңа жолдарын ойлап тапқан. Мәселен, үлескерлер
туралы шарттың орнын тұрғын үй құрылыс кооперативтері арқылы инвестиция құю
келісімі басты. Іс былай жүреді: салынатын үйден пәтер алам деушілер бірігіп,
ақша жинайды. Сөйтіп, құрылыс компаниясының құрылтайшысына айналады.
Нәтижесінде үлескерлер сияқты ақшасын құйған пәтерлерді сатып алады. Бұл да
заңды. Бірақ ол «құрылысқа үлескерлер қаржысы тартылмасын» деген талапты
айналып өту үшін жасалған айла.
ҚР Ұлттық экономика
министрлігі Құрылыс және қаржы институттарымен жұмыс басқармасының басшысы Бақытжан
Қашақовтың айтуныша,тұрғын үй
құрылысына үлестік қатысу туралы заң жобасы әлі өз күшіне енбеген. Құжат әзірге
мәжілістің жұмыс топтарында талқыланып жатыр. Заң қабылданса, барлық құрылыс
компаниялары бір талаптарға бағынар еді дейді . “ЖСК-лар құрылады. Бірақ заң жүзінде
құрылады. Егер ол ЖСК физ.лицо ретінде біреуге барып ақша құятын болса, онда
құрылмайды. Құрылысқа өздігінен барып, ақша құямын маған салып беріңдер десе
онда құрылмайды. Ол ЖСК егер қоғамдық ұйым болып тіркеуден өтетін болса
органдардан. Ол органдар енді қарайды ғой, қанша ақшалары бар, бітіруге болады” деді Қашақов мырза.

Әзірге ашық түрде жарияланатын жарнамаларға
алданып қалмауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары